Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағылымға толы кездесу

Тағылымға толы кездесу

Фото: Әйтеке би кенттік мәдениет үйі

Маусым айының үшінші жексенбісі – Әкелер күні. Бұл мерекені отбасылық құндылықтарды дәріптейтін атаулы күн ретінде жыл сайын атап өту дәстүрге айналып келеді. Жуырда Әйтеке би кенттік мәдениеті үйінің ұйымдастыруымен "Атадан – нақыл, әкеден – ақыл атты" әкелермен кездесу кеші өтті.
"Адал адам" мәдени тәрбие беру орталығының "Сұхбат ТІМЕ" жобасы аясында тарихшы, шежіреші, ардақты ата Аманжол Жұмабекоы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, мәдениет ардагері, "Атамұра" ардагерлер халық ансамблінің мүшесі Кенже-Әлі Асқар, өрендерді өнерге баулып жүрген ардақты әке Әлібек Айдар, сондай-ақ жас әке Рақымжан Мақсатбаевтармен әсерлі әңгіме өрбіді.
Шара бала тәрбиелеуде әкенің рөлін арттыру, қоғам мен отбасы байланысын нығайту, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Әкеден баланың алатын тәлім-тәрбиесін басқа ештеңе де ауыстыра алмайды. Осы тұрғыда қонақтар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Жиын барысында Әлібек Айдар және Рақымжан Мақсатбаев әкелерге арнап әннен шашу шашты.
Жиын соңын "бар жүкті жотасымен көтеріп, аманатын абыроймен атқарған әкелер күні, құтты болсын!» деп қорытындылған кәсіпорын директоры Самат Әбілов өнегелі өсиеті мен өмірлік кеңестерімен бөліскен әкелерге кәсіпорын атынан алғыс хат және сыйлықтар табыстады.
А. ЖҮСІПОВА
17 маусым 2025 ж. 310 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031