Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тақырыптық қабылдауда жер телімдеріне қатысты мәселелер қаралды

Тақырыптық қабылдауда жер телімдеріне қатысты мәселелер қаралды


Бүгін аудандық партия филиалында жер телімдерін табыстау және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтарға тақырыптық қабылдау өтті.
Қабылдауға келушілер жер кезегіне сәйкес, сондай-ақ кәсіпкерлік мақсатта жер алу бойынша өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы өз сауалдарын жолдаған тұрғындардың да сұрақтары тыңдалды.
Қабылдау барысында әрбір сұраққа жауап беріліп, тұрғындардың өтініштері назарға алынды. Жердің кезектілікке сәйкес берілу заңдылығы түсіндіріліп, кәсіпкерлік мақсатта жер алу кезінде қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша кеңес берілді.
Айта кетейік, қабылдауға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлы мен аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ысқақ Мереке Дәуренбекұлы қатысты.
12 маусым 2025 ж. 178 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930