Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті

Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті


Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Шараны Қазалы қаласының әкімі Орынбасаров Қайрақбай Жақсыбайұлы, Қызылорда облысының оқу орталығының әдіскері Таңмамбет Ұлан Жетібайұлы, Қызылорда облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің төрағасы Ахметов Болатбек Әбиұлы ашты.
Байқаудың мақсаты — ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосатын білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқаратын, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Шара барысында қатысушылардың тәжірибесі мен біліктілігі сынға түсіп, үздіктер анықталды.
Байқау шарттары:
І кезең – теориялық. Кезеңнің максималды ұпайы – 20 балл.
Модуль 1. Тестілеу-қатысушының білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі. Теориялық бөлім үшін ең жоғары ұпай саны -20.
ІІ практикалық кезең 5 модульден тұрады.
Модуль «А»: Д-243 дизельді қозғалтқышына күнделікті техникалық қызмет көрсету.
А-1 Жөғарғы қысымды отын сорғысының (ТНВД) озу бұрышын дұрыс қойыю (угол опережения).
А-2 Қоректендіру жүйесіне отын келтіру.
А-3 Күделікті техникалық күтім
А-4 Қозғалтқышты от алдыру
Модуль «В»: ППТ-041 шөп тығыздауышының механизмдеріне реттеу жұмыстарын жүргізу. (регулировка)
В-1 Поршень бүлғағы, байлау-қию, тырмалау механизмдеріне реттеу жұмыстарын жүргізу
В-2 Шпагат жіптерін орнату (установка бухт шпагата)
Модуль «С»: ARION-620 тракторын ПТС-4 тіркемесімен жүргізу
С-1 Күнделікті техникалық күтім жүргізу
С-2 ПТС-5 тіркемесіне келу және тіркеу
С-3 Маршруттық карта бойынша жүргізу
С-4 Тіркемені белгіленген орынға ағытып, тракторды бастапқы орынға қою
Модуль «Д»: Жоғарғы қысымды отын сорғысына реттеу стендісінде жұмыс жасау
(стенд регулировки ТНВД)
Д-1 Жөғарғы қысымды отын сорғысын стендіге орнату
Д-2 Реттеу жұмыстарын жүргізу
Модуль «Е»: CLAAS және ARION тракторымен жер жырту
Байқау барысында қатысушылар педагогикалық шеберліктерін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін және кәсіби құзыреттіліктерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.
Екі күнге созылған «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауын қортындылаған Қызылорда облысының оқу орталығының әдіскері Таңмамбет Ұлан Жетібайұлы жеңімпаздарға Қызылорда облысының білім басқармасының марапаттары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
І орын - Орынбасар Қуат Құланбайұлы - «Қазалы аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК (Қызылорда облысы)
ІІ орын - Кемешев Бауыржан Диллабаевич - Түркістан көпсалалы техникалық колледжі (Түркістан облысы)
ІІІ орын - Тағанхожа Асанбек Болатбекұлы - «Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК (Атырау облысы)
ІІІ орын - Кунбасов Ерлан Конысбаевич - №3 Байзақ колледжі КМҚК (Жамбыл облысы)
Алғыс хат - Ахмедин Жандос Ғабитұлы - «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ (Ұлытау облысы)
Алғыс хат - Эшанкулов Сапарали Камалович –Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі (Шымкент қаласы)
30 мамыр 2025 ж. 5 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30