Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім берудің маңызды бағыты

Білім берудің маңызды бағыты

Қазақстанның білім беру жүйесінде жастардың кәсіби біліктілігін арттыру және жұмысшы мамандықтарын игеру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 10-11 сынып оқушылары үшін эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілуде. Баянды бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
2024-2025 оқу жылында Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша эксперименттік топтар ашылған болатын. Осыған сәйкес оқушылар кәсіби модульдер бойынша білім алуда. Бағдарламаның негізгі мақсаттары – еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлау, ауылдық аймақтардағы маман тапшылығын азайту және жастардың еңбекке деген ынтасын арттыру. Осы білім беру жүйесі оқушыларға кәсіби дағдыларды меңгеріп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстанның білім беру жүйесінде жастардың кәсіби біліктілігін арттыру және жұмысшы мамандықтарын игеру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ел экономикасының дамуына, еңбек нарығындағы өзгерістерге жауап беру үшін кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту қажет.
10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беруді ұйымдастыру – қазіргі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Білім беру үлгісі оқушыларға теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды да игеруге септігін тигізеді. Соның ішінде, жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларының ұйымдастырылуы маңызды қадам болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу алгоритмі» бекітілді. Бағдарлама аясында жергілікті оқушылар мектепте негізгі білім алып қана қоймай, колледж қабырғасында жұмысшы мамандықтарын да меңгерді.
Бағдарлама бойынша 2024-2025 жылы Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде 07150500 – Дәнекерлеу ісі мамандығы, 3W07150501 – Электргазымен дәнекерлеуші біліктілігі бойынша эксперименттік оқу тобына Қазалы қаласында тұратын 10 сынып оқушыларынан 25 білім алушы қабылданды.
Эксперименттік білім беру бағдарламасы – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында жүзеге асырылады және екі оқу жылын 2024-2025, 2025-2026 жылдарды қамтиды.
Бұл бағдарламаға мектеп оқушыларының негізгі білімімен қатар жұмысшы біліктіліктері бойынша да машықталуы көзделген. Мектептегі оқу кестесіне сәйкестендіре аудиториялық, өндірістік, кәсіби практика кестесі жасалды. Бұған сай білім алушылар күнделікті колледжде оқытылады.
Оқуға қабылдау – ТжКБ ұйымына қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Нәтижесінде 25 оқушы эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша үш жақты келісім-шарт бойынша оқуға қабылданды. Десек те бағдарламаның негізгі мақсаттары бар. Мектеп оқушыларының білімі мен тәжірибесін кеңейту көзделуде. Олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік беріледі. Еңбек нарығындағы кадр тапшылығын азайту мен ауылдық аймақтарда жұмысшы кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру жоспарлануда.
Оқушылар 07150500 – Дәнекерлеу ісі мамандығы, 3W07150501 – Электргазымен дәнекерлеуші біліктілігі бойынша кәсіптік модулдерді меңгереді. Кәсіптік модулдер КМ 01 – Конструкторлық және техникалық құжаттамаларға сәйкес металдарды өңдеуді орындау – 72 сағат. КМ 02 – Электрдоғалы доғалық дәнекерлеуді орындау – 96 сағат. КМ 03 – Газбен пісіру және металдарды кесу технологиясын қолдану – 144 сағат. КМ 04 – Автоматты және жартылай автоматы машиналармен жұмыс жасау – 120 сағат. КМ 05 – Қорғаныш газ ортасында металдарды дәнекерлеу технологиясын орындау – 96 сағат. КМ 06 – Плазмалық, лазерлік дәнекерлеу және кесуді орындау – 72 сағат. Теориялық сабақтар, өндірістік сабақтар, кәсіптік практика «Жас маман» жобасымен жабдықталған «Дәнекерлеу технологиясы» зертханасында жүргізілді. Оқушылар оқуын аяқтаған соң, 2026 жылдың қаңтар айында мамандықтарына сай арнайы орта білімі туралы диплом алып шығады. Осылайша мектеп түлектері оқуын аяқтап, жұмысшы мамандықтары бойынша дайын маман ретінде еңбек нарығына жолдама алады. Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы жастарды еңбекке баулуда маңызды рөл атқарады. Оқушылар кәсіптік білім алудың арқасында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып шығады. Бұл бағдарлама мектеп пен кәсіптік дайындықты үйлестіре отырып, жастарды еңбекке, мамандыққа, жауапкершілікке және кәсіби өсуге бағыттайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту арқылы жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін беру – білім берудің тиімділігін арттырудың маңызды бағыты. Сәйкесінше оқушылар тек теориялық білім алмай, еңбек нарығына бейімделген кәсіби дағдыларға ие болады. Бұл жүйені жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдары, кәсіпорындар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы тығыз ынтымақтастық, заманауи оқу құралдары мен өндірістік тәжірибенің маңызы зор. Жұмысшы біліктілігі бойынша білім беру бағдарламалары оқушылардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктіліктерін арттырып, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Әділжан ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
Қазалы аграрлы-техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы
21 қаңтар 2025 ж. 55 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 55

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 88

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 49

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 48

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031