Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс министрлігі еріктілер жасағын құру тәртібін түсіндірді

Қорғаныс министрлігі еріктілер жасағын құру тәртібін түсіндірді

© Photo
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштердің бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов еріктілер жасақтарын құру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін сенат Қазақстанның аумақтық қорғанысына қатысты заңдарды мақұлдады. Соның аясында "ерікті" және "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" сияқты негізгі ұғымдар қорғаныс жүйесіне алғаш рет енгізіліп отыр.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, аумақтық әскерге өз еркімен келген адам әскери қызметшімен бірдей болады.
"Ол да белгілі бір міндеттерді атқарады. Ал жарақат немесе контузия алған жағдайда әскери қызметші сияқты тиісті төлемдерді алады", - деді Қамалетдинов сенаттың бүгінгі отырысында.
Осы орайда штаб басшысы аумақтық әскерге өз еркімен келген адам мен волонтердің айырмашылығын да түсіндірді. Өз еркімен келген адам арнайы мақсат-міндеттерді орындауға қатысса, волонтер қосымша жұмыстарға ғана тартылады. Ал еріктілер жасақтарын әскери дайындығы бар адамдар басқарады.
"Еріктілер құрамаларын басқаратын командирлер бөлек дайындалады. Оған әскери қызмет саласында тәжірибесі бар азаматтар тартылады", - деді Қамалетдинов.
Айта кетері, қазіргі кезде әрбір облыста аумақтық қорғаныс бригадасы бар.
05 маусым 2025 ж. 181 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30