Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда балалардың шаттық мерекесі тойланды

Қазалыда балалардың шаттық мерекесі тойланды


Бүгін Қазалыда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада алдымен аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов бастаған қонақтар балғын балапандардың қуанышына арналған шараларды көріп, балақайлардың қатысуымен өтіп жатқан ұлттық ойындарды, мектеп оқушылары арасында өткізілген суретшілер байқауы мен жас өрендердің арман-қиялдарынан туындаған шығармашылық жұмыстарын тамашалады.
Салтанатты шарада сөз алған Мұрат Байғабылұлы еліміздің жарқын болашағы саналатын балғындарды мерекемен құттықтап, жарқын болашақ тіледі.
- Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Сол себепті де біздер барынша балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақытта балалардың тиісті күтім мен қамқорлық көруіне жұмыс жасап келеміз. Бұл бағытта елімізде жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған. Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – Сіздерсіздер! Сондықтан да, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек, – деген аудан әкімінің орынбасары жас өскіндерге деген қамқорлық алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін жеткізді.
Мерекелік шарада талантты бүлдіршіндер ән мен жырдан шашу шашып, өнерлерін ортаға салды. Шарада жас бүлдіршіндерден құралған би топтарының бұрала билеген билері мен балабақшаның бал тілді балапандарының риясыз көңілден шыққан өнерлері көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі.
01 маусым 2025 ж. 212 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930