Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт күні - сергектік мерекесі

Спорт күні - сергектік мерекесі

Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спортшылар мерекесін атап өту игі дәстүрге айналған. Осыған орай, Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен салтантты жиын өтті.
Мерекелік шарада туған жеріміздің бұқара­лық спортын дамытып, талантты жеткіншектердің айтулы додаларда биік­терден көруіне күш-қайратын салып жүрген жаттықтырушылар мен саңлақтар марапатталды.
Мұнымен қатар, оларға демеушілік жасап жүрген бір топ азаматтарды Мұрат Нәлхожаұлы мерекесімен құттықтап, «Алғыс хаттар» табыс­тады.
Айта кетерлігі, жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақ­сатында футболдан көше командалары арасында «Бәріміз футболға» атты ұранмен аудан әкімінің ауыспалы кубогына арналған жарыс өткізілген болатын.
Осы бәйгеде жеңімпаз атанған жүлде­гер командаларды аудандық футбол федера­циясының президенті Ф.Қожаберген­ов номинациялар бойынша марапаттады.
Спортсүйер қауымды және спортшыларды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Есбосынов мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Шара соңы аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
19 тамыз 2018 ж. 4 215 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930