Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғызқұмалақтан турнир өтуде

Тоғызқұмалақтан турнир өтуде


Өткен бейсенбіде Қазалыда ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азамат, еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Жалпақбай Нұрмағамбетовті еске алуға арналған «Тамырын тартқан тереңге» атты тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир бастац алды.
Әйтеке би кентіндегі спорт кешенінде өткен турнирді аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев сөз сөйлеп ашып, еңбек ардагерінің ұрпақтарына аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің облыстық турнирдің өтуіне орай құттықтауын табыстады.
Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов және турнирге арнайы қонақ болып келген Ұлттық статистика бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының өкілі, халықаралық дәрежедегі төреші Біржан Елеусінов сөз сөйлеп, Жалпақбай Нұрмағанбетұлы жайында естеліктермен бөлісіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Ұлттық спорт – тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы командалық және жекелей облыстық турнирге Қызылорда қаласы және басқа да аудандардан 7 команда, жалпы 180-ге жуық спортшы қатысуда. Аудандық ашық турнир ауданымызда үш күнге созылмақ.
Айта кету керек, Жалпақбай Нұрмағанбетұлын еске алуға арналған турнир биыл ауданымызда екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
31 мамыр 2025 ж. 215 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 106

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031