Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды

Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Сессияға 1600-ден астам адам қатысады
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Сессияның өзі екі күн жалғасады. Күн тәртібі – «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл».
Сессия жұмысына барлығы 1600-ден астам адам қатысады, олардың арасында Парламент депутаттары, барлық өңірден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері бар.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тілеген. Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Айта кетері, Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылғы 1 наурызда құрылған болатын. Басты міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
24 сәуір 2025 ж. 157 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30