Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мессенджердегі алаяқтан қалай қорғануға болады?

Мессенджердегі алаяқтан қалай қорғануға болады?

Фото: istockphoto

З
аманауи мессенджерлер қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар интернет-алаяқтар үшін танымал алаңға айналды

Олар WhatsApp, Telegram және басқа да қосымшаларды пайдаланып, алдау арқылы аккаунттарға қол жеткізуге, ақша немесе жеке ақпаратты иемденуге тырысады. Тәуекелге мектеп оқушылары, студенттер және егде жастағы адамдар ұшырайды. Сондықтан сақ болып, жақындарды қауіптер туралы ескерту өте маңызды. Aikyn.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің кеңестері негізінде сақтық шараларын ұсынады.

Өздеріңізге белгілі, көп жағдайда қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, туыстар немесе таныстар ретінде таныстырады. Алаяқтар фишингтік сілтемелер таратады, видео көру арқылы «тиімді» қосымша табыс ұсынып, зиянды файлдар жібереді және құпия мәліметтерді алу үшін жалған чаттар құрады.

Нені білу маңызды?

ешқашан интернеттегі қосымша жұмыс, тауарлар немесе қызметтер үшін «кепіл» ретінде ақша жібермеңіз;

күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз, тіпті олар «таныс адамнан» келсе де – оның аккаунты бұзылған болуы мүмкін;

мессенджерге қосылған құрылғылардың тізімін тексеріңіз және қосымша сеанстардан, сондай-ақ, мысалы интернет-кафе сияқты үшінші тарап құрылғыларындағы аккаунттардан үнемі шығып отырыңыз;

екі факторлы аутентификация мен күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;

SMS кодтары мен құпия сөздерді бөгде адамдарға, тіпті олар өздерін банктің немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырса да бермеңіз;

туыстарыңызға, әсіресе қарттарға мемлекеттік органдардың өкілдері мессенджер арқылы ақша аударуды немесе «жеке басын растауды» сұрап қоңырау шалмайтынын, сондай-ақ ешқандай нұсқау бермейтінін және оларды орындауды талап етпейтінін түсіндіріңіз.

Егер сіз немесе жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса – бірден полицияға хабарласқан абзал. Уақытылы әрекет ету алаяқтарды тоқтатуға және қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.
22 мамыр 2025 ж. 270 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930