Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата-ана міндеті – бала тәрбиесі

Ата-ана міндеті – бала тәрбиесі

Бүгін Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Көшпелі отырыстың күн тәртібінде аудандық прокуратураның бастамасына сәйкес «Ата-ана міндеті – бала тәрбиесі» тақырыбында мәселелер қаралды.
Басқосуға аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ғанибек Құрманалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, Қазалы қаласының әкімі Қайрақбай Орынбасаров және Қазалы қаласындағы мектеп директорлары мен учаскелік полиция инспекторлары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Сонымен қатар, жиынға Қазалы қаласындағы №16, 17, 95 мектеп оқушылары мен ата-аналары және Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері мен ата-аналары арнайы шақырылды.
Көшпелі отырысты аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Алиев Жәнібек Алмасұлы ашып, жүргізіп отырды.
Тәрбиелік мәні зор шараны аудан прокуроры Дарын Әбіш сөз сөйлеп ашып, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарға бала тәрбиесімен бірлесе айналысуға қажеттігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ғанибек Құрманалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі директорының міндетін атқарушы Әнуарбек Тілеубайұлы хабарлама жасады.
Сондай-ақ, Қазалы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, комиссия мүшесі Айгүл Тілеумбетова «Жаһандану заманындағы бала тәрбиесі және ондағы ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналарға қажетті кеңестерімен бөлісті.
«Қазіргі таңда ата-ананың басты міндеті – жақсы бала тәрбиелеу емес. Ата-ананың басты міндеті – жақсы ата-ана болу» екендігін ерекше атап өтті.
Себебі, балаға жақсы ата-ана болу, баламен жақсы қарым-қатынас құрсаңыз – бала сізді әрдайым құрметтейтін, сізді тыңдайтын, сізбен ойын, сезімдерін бөлісе алатын болады. Сондықтан да біздің басты міндетіміз – жақсы ата-ана болу.
Сонымен қатар, Айгүл Үсейінқызы: «Балаға керегі – тек киім мен тамақ емес. Бұлар-физикалық қажеттіліктер. Иә, бұл да маңызды. Ең алдымен балаға эмоциялық қажеттіліктер өтелуі керек. Яғни, ата-анасының көңіл бөлуі, сөйлесуі, тыңдауы, түсінуі, диалог орната алуы, тағысын тағы осындай байланыстың бәрі баланың – эмоциялық қажеттіліктері. Эмоциялық қажеттіліктер өтелмегеннен кейін бала бұндай жылулықты сырттан іздейді» деп, сөзінің соңын математика ғылымдарының ғалым-профессоры Асқар Жұмаділдаевтың керемет сөзімен қорытындылады.
Бірде Асқар Жұмаділдаевтан «Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?» деп сұрағанда «Менің бала тәрбиелеуге уақытым жоқ. Мен темекі шекпеймін, арақ ішпеймін, үйде ешкіммен жанжалдаспаймын, сағаттап телефонда отырмаймын, біреудің сыртынан ғайбат айтпаймын. Бала тәрбиесі деген – мен. Балам менен көргенін істейді, мені қайталайды, менен үлгі алады. бала тәрбиесі деген мен үшін – осы» деп жауап берген екен.
Көшпелі отырыс барысында ата-аналар мен оқушыларға аудандық прокуратура әзірлеген бейнеролик көрсетіліп, абайсызда қателіктерге жол берген азаматтар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің басынан өткен оқиғалары айтылды.
Мәжілістің қорытындысымен аудандық полиция бөлімі мен аудандық білім бөліміне мектеп оқушылары және жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оларға қатысты кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, аудандық білім бөліміне мектептерде өтетін соңғы қоңырау шарасына байланысты ата-аналармен, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, іс-шараларды талаптарға сай өткізілуін қадағалау тапсырылды.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ,
аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы



21 мамыр 2025 ж. 280 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 589

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 033

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031