Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайдың иелігінде қанша бас мал болған: ұлы ақынға қатысты тың ақпарат жарияланды

Абайдың иелігінде қанша бас мал болған: ұлы ақынға қатысты тың ақпарат жарияланды

Фото: Абай Құнанбайұлы. Көрнекі сурет: abaialemi.kz

Абай Құнанбайұлының иелігіндегі мал саны жайлы тың ақпарат жарияланды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлын ел көбіне ойшыл, ағартушы ретінде ғана танып, оның өз дәуірінде ауқатты, ірі шаруашылық иесі болғанына назар аудара бермейді. Осы ретте Абай облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы хакімнің болмысын толық тануға мүмкіндік беретін тарихи деректерді ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

"Абай Құнанбайұлының арғы аталары да, әкесі Құнанбай Өскенбайұлы да би, болыс болып, ел басқарған, сөзі де, өзі де салмақты адамдар болғаны тарихтан мәлім. Осындай отбасында дүниеге келген Абайдың да жастайынан ел ісіне араласып, басқарушылық қабілеті ерте танылды. 1915 жылы жарияланған тарихи деректерге сүйенсек, Абайдың иелігінде 593 жылқы (оның ішінде 108 жабағы мен 167 құлын), 51 сиыр, 51 түйе, 1417 қой болған", - делінген ақпаратта.

1878 жылы Абай Семейде құрылған облыстық статистика комитетінің толық мүшесі ретінде тіркеліп, өз өңірінің әлеуметтік-экономикалық, этнографиялық, мәдени жағдайын зерттеуге белсене қатысқан.

"Бұл комитетке мүше болу — тек атақ емес, ол адамнан белгілі бір дәрежеде сауаттылықты, қоғамның дамуына бейжай қарамайтын көзқарасты талап етті. Абай бұл міндетті абыроймен атқарып, өлкенің дамуына үлес қосты. Ұлы ақынның мал-мүлкі туралы мәліметтер — жай ғана сандық дерек емес. Бұл — оның тұлғасының жан-жақтылығын, өмір сүрген ортасын, сол дәуірдегі қазақ қоғамының құрылымын тануға мүмкіндік беретін тарихи айғақ", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасы мен ұлағатты сөздерін жазған едік.
20 мамыр 2025 ж. 155 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 298

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031