Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағзым мен тағылым

Тағзым мен тағылым


2025 жылдың 9 мамырында Қазалы ауданындағы Тағзым алаңында Тәжік-Ауған шекарасындағы соғыста қаза тапқан қазалылықтарды еске алуға арналған тағылымды шара өткізілді.

Шара барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, олардың ерліктері еске алынды. Іс-шараға аудан басшылары, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер, сондай-ақ қаза тапқан жауынгерлердің отбасы мүшелері қатысты.
Аталған іс-шара Қазалы аудандық Қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Іс-шараның басты мақсаты – Отан қорғаушылардың ерлігін ұлықтау және қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін ұмытпау.
Іс-шара соңында Тәжік-Ауған шекарасындағы соғыста қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне арнайы ас берілді. Ас беру рәсімі аудан орталығындағы үлкен асханада ұйымдастырылып, онда жауынгерлердің рухына Құран бағышталды.
20 мамыр 2025 ж. 483 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031