Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағы құрылды

"Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағы құрылды

Фото: Үкімет
Елімізде "Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды, деп хабарлайды
BAQ.KZ
Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Құжатқа сәйкес, АЭА Қызылорда облысында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар аумақта орналасады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында заманауи өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестиция тарту, экономика саласында жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін мүмкіндіктер жасау жоспарланып отыр.

АЭА-ның "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне жақындығы Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді. АЭА аумағында салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсына отырып, арнайы құқықтық режим әрекет ететін болады.

2049 жылға қарай АЭА-ға салынатын инвестицияның жалпы көлемін 150 млрд теңгеге, шетелдік салымдарды – 80 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болжанып отыр.

Қазақстандық қамту үлесі – 90%-ға дейін жетеді. 25 жыл ішінде АЭА кәсіпорындарында 3 366 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, қатысушы компаниялардың саны 39-ға жеткізіледі.

Сондай-ақ мультимодальды әуе хабтарын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде және кеден заңнамасының талаптарына сәйкес, аталған қаулымен "Оңтүстік", "Астана – Технополис", "Сарыарқа", "Alatau" және "Ақтөбе" АЭА-ға порт аймақтары мәртебесі берілді.






20 мамыр 2025 ж. 208 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930