Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде «Қорқыт Ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды.

Елімізде «Қорқыт Ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды.

Фото: Дария Берікқызы

АЭА аумағында салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсына отырып, арнайы құқықтық режим әрекет ететін болады.
Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы ашылды

Елімізде «Қорқыт Ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құжатқа сәйкес, АЭА Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар аумақта орналасады.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында заманауи өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестиция тарту, экономика саласында жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін мүмкіндіктер жасау жоспарлануда. АЭА-ның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақындығы Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

АЭА аумағында салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсына отырып, арнайы құқықтық режим әрекет ететін болады.



2049 жылға қарай АЭА-ға салынатын инвестицияның жалпы көлемін 150 млрд теңгеге, шетелдік салымдарды – 80 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болжануда. Қазақстандық қамту үлесі – 90%-ға дейін жетеді.

25 жыл ішінде АЭА кәсіпорындарында 3 366 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, қатысушы компаниялардың саны 39-ға жеткізіледі.

Сондай-ақ мультимодальды әуе хабтарын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде және кеден заңнамасының талаптарына сәйкес, аталған қаулымен «Оңтүстік», «Астана – Технополис», «Сарыарқа», Alatau және «Ақтөбе» АЭА-ға порт аймақтары мәртебесі берілді.
19 мамыр 2025 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30