Көпсалалы жол бойы кешені ашылды
Қазалылық жеке кәсіпкер Арзана Байсуганова өз кәсіпкерлігін кеңейтіп, жаңа бағытта жол бойында орналасқан кешен ашты. Кешеннің салтанатты ашылуына облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Аймақ басшысы кәсіпкердің жұмысына жоғарғы баға беріп, оның еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шағын және орта бизнесті дамытуға ниет білдірген кәсіпкерлерге мемлекет әрдайым қолдау көрсететінін айтты.
Айта кетейік, жеке кәсіпкер бұған дейін 2017 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан «Арзан City» кешенін іске қосып, 25 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Қазалы ауданына қарасты №99 бекетте орналасқан екінші көпсалалы кешенінде жол бойында жүретін автокөлік жүргізушілер мен жолаушылар үшін қонақ үй, монша, тамақтану орны, автотұрақ, көлік жөндеу орталығы және шағын маркет қызмет көрсетеді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат