Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегімен елге сыйлы

Еңбегімен елге сыйлы

Энергетика қашан да әлеуметтік сала мен индустрияны өрістетуші күш, экономиканың алтын діңгегі. Адамзат қолданысындағы ең құнды бұл өнертабыссыз энергияның маңыздылығына, тұрғындардың жайлылық мен үнемділікке қол жеткізуі мүмкін емес. Осындай жауапты салада тер төгіп, ісіне деген адалдығымен абыройға бөленген азамат Жанқожа батыр ауылында тұрады. Еңбегімен елге сыйлы жанмен жолығудың жақында жолы түсті.
1962 жылы Бозкөл ауылында дүниеге келген Қартбай Сатаев 1979 жылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы ауылдан орта мектепті бітіреді. Сол жылы еңбекке араласып, совхоздағы салынып жатқан құрылысқа қамтылады. Бір жылдан соң Қызылорда қаласындағы политехникалық техникумының ауылшаруашылық электрлендіру мамандығына оқуға қабылданады.
Сол жылы Отан алдындағы борышын орындауға шақырылады. Екі жылдық әскери қызметін өтеген ол елге оралған соң ПМК-1604 мекемесіне тас қалаушы болып жұмысқа тұрады. Бір жылдан соң оқуын қайта жалғастыруға мүмкіндік алады. 1986 жылы диплом алып шыққан жас маман аудан орталығындағы «СПМК-52» мекемесінде электржөндеуші болып орналасады. Ұзамай «Агропромэнерго» мекемесі жұмысқа шақырылады.
«Ер – туған жеріне» деген тәмсілді ұстаным еткен Қартбайдың өзі түлеген топыраққа перзенттік үлесін қосуды мақсаты ойында үнемі тұрады. 1998 жылы Жанқожа батыр ауылына электромонтер болып ауысады.
«Тәуелсіз елдің қалыптасуы кезіндегі қиындық ешкімнің есінен шыға қойған жоқ. Елдің басынан өткен жағдайға біз де кезіктік. 1999 жылы электр энергиясының шектелген уақыты. Ауыл тұрғындары елді мекенге электр энегриясын жеткізу жөнінде ойластықта ойларын ортаға салды. Сол күнгі халық жиынының ұйғарымымен, электр жарығына төленетін төлемдерді жинақтаушы болғаным бар», – дейді кейіпкеріміз. Осылай өздері сенім білдірген бұрынғы энгергетик бірте-бірте ауылдың жинақталған қарызынан құтылып, қайта игілікке қол жеткізуіне себепкер болады.
2001 жылы «Қазалы жарығы» мемлекеттік мекемесіне Қ.Сатаевты осы штат бойынша жұмысқа шақырады.
Өз ісінің маманы үнемі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, ізденісін дамытып отырады. 2009 жылдан бастап Қазалы аудандық электр торабына Ақтан батыр елді мекеніндегі 35/10 кв қосалқы стансасына кезекші электр монтері болып жұмыс істейді. Жоғары кернеулі трансформатор Жанқожа, Ақтан батыр ауылдарымен бірге, су қондырғысы мен мал шарашылығы қожалығына жарық береді.
Электрлік қосалқы станция электр энергиясын тиімді тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Бұл электр энергиясын қауіпсіз және сенімді тасымалдауға және таратуға мүмкіндік беретін арнайы жабдықтың кең желісін қамтиды. Кернеу қосалқы стансаның учаскесінде орналасқан трансформаторлар жабдық бөліктері арқылы көтеріліп, төмендетіледі екен. Қосалқы станция деп отырғанымыз дәл осы кернеу өзгеретін орын. Күнделікті кездесетін әр кабелдің өз функциясы бар. Энергетик ақауларды дәрігердей анықтап, жылдам шешім қабылдайтын, қателікке бой алдырмайтын жолды жан жақты меңгеруі тиіс. Бір ғана мұндай қателік үлкен қайғылы жағдайды тудыруы мүмкін.
«Электр энегиясы – инфрақұрылымның маңызды бөлігі. Адам бойындағы барлық нәрді тарататын қан тамыры сияқты. Қазір тұрмыстың барлығы дәл осы саламен байланысты өрбиді. Ауа райы немесе басқа да қиындық туғанына қармай, жарықты үздіксіз беру – басты міндетіміз болды», – дейді бізбен әңгімесінде. Тындырымдылығы мен жауаптылығы ескеріліп, салалық медаль, бірнеше рет, алғыс, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Жұбайы Ләззат екеуі бес перзент тәрбиелеп отырған жарасты отбасы.
Бір кезде өзі Райхан Қосбармақов, Қожан Қазығұлов, Қуандық Бодықов деген азаматтардың бай тәжірбесін бойына ұялатқан Қартбай өзі де қанша ізіне ерген жас буынға ұстаз болды. Ұлы Ақмырза Павлодар қаласындағы универсиеттен энергетика саласы бойынша маманданып, аудандағы «Энергомера» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінде 4 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Энегетиктердің кәсіби мерекесіне арналған жиында әкелі-балалы екеуі екі мекемеден марапатталғанда, көпшілік сүйсініп қол соғады. Нұрлан Сүгірбаев есімді шәкірті Жанқожа батыр ауылындағы мектепте электрик болып жұмыс істейді. Одан да басқа қызығушылық танытып, қызықты саланы меңгергендер көп.
Электрмен жабдықтау, оның барлық механизмдердің біркелкі жұмыс істеуін, ресурстардың толықтығын қадағалап, әр мекеме, нысан үйді жарықпен, жылумен қамтамасыз етуде жұмыс атқарған Қартбай Әлжанұлы жақында құрметті демалысқа шықты. Зейнетке шықтым деп, тиыныш қалмайды. Көмек сұраған жандардан ақыл-кеңесін аямайды. Ауылдағы қоғамдастық мүшесі.
– Қаншама қиындықпен бетпе-бет келсек де, таңдауыма ешқашан өкінген емеспін. Энергетика көрсеткіштер көшін алға жылжытушы. Өмірлік маңызды энергия ресурстарымен қамтамасыз етіп отырған кәсіп иесі болу ешқашан өміршеңдігін жоймайды. Елімізде АЭС салу, өзге де жаңа қарқынды құрылыс барда, оған сұраныс арта түсуде. Жастардың жұмыс таппай сенделіп жүргенінше, қажетті кәсіпті игеріп, отбасын асырауына мүмкіндік мол», – дейді еңбекті сүйген ер.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
20 мамыр 2025 ж. 51 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 52

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 55

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031