Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақтанышпен атаймын есіміңді

Мақтанышпен атаймын есіміңді

Екінші дүниежүзілік соғыс қанша жүрекке сыз, жанға дерт салды. Әр шаңырақ ардақты ұлдарын майдан даласына аттандырып, тылда қалғандары еңбекпен үлестерін қосқан. Соның бірі менің атам – Мағзам Жүрімбетов.
Ол 1920 жылы Жиделі колхозында шаруа отбасында дүниеге келген. Он тоғыз жасында колхозға мүшелікке қабылданады.
1940 жылы, 20 жасында әскерге аттанып, 1941 жылдан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. М.Жүрімбетов қатардағы жауынгерден жауапты, батыл, бірбеткей, жүректілігі арқасында бөлімше командирі, атқыштар взвод командирінің орынбасары, 87 гвардиялық атқыштар полкінің аға сержанты болған. Ұрыс даласындағы ұтымды әркеттері жауды жеңуге көп көмегін тигізген. Оқ пен оттын ортасында жан беріп, жан алысқан жауынгер бір рет жеңіл, екі рет ауыр жарақат алған. 1945 жылы 13 қаңтарда үшінші рет басынан ауыр жараланғанда, ұйғарыммен елге қайтарылған Әр уақыттағы ерліктертері ескеріліп, соғыс қатысушыларына берілетін ең жоғары марапаттар «Қызыл Жұлдыз», «Қызыл Ту», екінші дәрежелі «Отан соғысы» және екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған.
Ауылға келген соң, ұстаздық қызмет атқарып, шәкірттер тәрбиелеген. Кейіннен күрішші болып, ауылшаруашылығының өрістеуіне атсалысқан. Көптеген мақтау-марапаттар атамның ел үшін еткен еңбегі, төккен теріне берілген сый деп білемін.
Елдік пен өрліктің жарқын үлгісіне айналған ардақты азамат өмір сүрген кезеңінде елге сыйлы, ауылға абыройлы болды. Әлі күнге дейін соғыс сарбазы туралы жылы естеліктер айтып, үйге келіп, рухына тағзым ететіндер бар. «Көзін көргендердің» айтуынша, атам көпшіл, айтқан сертіне берік, ұйымдастырушылық қасиеті басым, ұрпағына ұлағаты, кейінгіге үлгісі бар жан екен. 1981 жылы 61 жасында қайтыс болған.
Биыл Жеңістің 80 жылдығы. Осы қастерлі мереке қарсаңында атам Мағзам Оразалыұлының аты, жүрген жолын еске алуды жөн санадым.Мен майдангер ұрпағы болғанымды үнемі мақтанышпен айтамын. Себебі әрбір біздің тыныштығымыз бен қамсыз күндеріміздің артында қаншама ата-бабамыздың өлшеусіз үлесі бар.
Аяна АЛМАСБЕК
13 мамыр 2025 ж. 202 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930