Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕШКІМ ДЕ ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕШКІМ ДЕ ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жеңіс – өрлік пен ерліктің жарқын көрінісі. Сан мыңдаған саңлақтың осы қасиетті ұғымды жақындатуға ұмтылған ұмтылысы ұрпақтар үшін үлгі, тарихи тағылым. Ұлы Отан соғысының аяқталып, Жеңіс туының желбірегеніне биыл – 80 жыл. Осынау айтулы дата қарсаңында Бекарыстан би ауылында “Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!” атты ауқымды шара ұйымдастырылды.
Сол отты күндер кезеңінде дәл осы топырақтан 380 адам майданға аттанса, солардың 110-ы елмен қауышқан.
Шараға қатысушылар мен қонақтар алдымен «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды», «Жеңіспен елге оралғандар» ескерткіштеріне, Кеңес Одағының батыры Ү.Түктібаевбюстіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағызым етсе, Аманбай ахун мешітінің имамы Ерболат Қалиев құран оқыды.
Ауылдық мәдениет Үйінде «Жеңісті жақындатқан ағаларым» атты ғылыми - танымдық конференциядан бастау алды. Шараны округ әкімі Қонысбек Құрманбаев құттықтау сөзімен ашты. Бүкілхалықтық маңызы бар мереке қарсаңында қолға алған, жүзеге асқан жұмыста ауызбіршілік пен қолдау танытқан ел перзенттері мен тұрғындарына алғысын айтты. Жаеңістің маңызы мен мазмұнын жас ұрпаққа насихаттаудағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Ғылыми танымдық конференцияда Соғыс жылдарындағы ауыл ахуалы, оған қосқан ауылдастар үлесі, майдангерлердің өмір жолдары туралы зерттеу жұмыстары мен ізденіс таныстырылды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дауылбай Қапардың «Елесі отты жылдар есімізде» атты кітабының салатанытты «тұсауы кесілді».
Кешенді шара «Мен – майдангер ұрпағымын!» атты шеруге ұласты. Бағдарламада майдангерлердің ұрпақтары өз аталарың портерін, медаль-ордендері мен марапаттарын ұстап шығып, алаңынан жүріп өтті. Оған 90-ға жуық отбасы қатысты. Алды 40, соңы 15 адамға дейін жүріп, мыңдаған адамның қамтылуы, шын мәнінде ерліктің мәңгілік мұра екендігін ұғындырып отыр.
Алаңға майдангерлер ұрпақтары шыққанда суреттері арнайы экрандардан көрініп, шара жүргізушілері әр майдангердің жеке өмір тарихымен таныстырып, майдан даласындағы ерліктерімен таныстырды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов және аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов кеш қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, шара ұйымдастырушыларына өз алғыстарын жеткізді.
Бұл күні ақшаңқан үйлер тігіліп, Аманбай ахун мешіті асханасында жиылғандарға ас берілді.
Алтын МЕЙІРХАНОВА

10 мамыр 2025 ж. 373 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930