Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер ардақталды

Ардагерлер ардақталды

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай сұрапыл соғыс жылдары аянбай еңбек еткен тыл еңбеккерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлермен кездесіп, оларға құрмет көрсетті.
-Әрине, бұл халқымыздың батырлығы мен ерлігінің, отансүйгіштігі мен қайсар рухын көрсететін ерекше, қастерлі мерекелер. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің дамуы мен туған жеріміздің гүлденуі – осынау жеңістің жемісі. Осындай мереке қарсаңында Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға тыныштық пен береке тілеймін. Аспанымыз ашық, елдің іргесі берік, бейбіт өміріміз баянды болсын, - деген аудан басшысы, тыл еңбеккерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, шынайы лебізін жеткізді.
Сонымен қатар мерекелік кездесуде тыл ардагерлеріне Мемлекет басшысының жарлығы бойынша берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі берілсе, Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерге «Ардагерлер одағының Тәжік-ауған шекарасының жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қаһарман шекарашы» мерекелік төсбелгілері табысталды.
Кездесу соңында аудан өнерпаздары мереке иелеріне арнап ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

10 мамыр 2025 ж. 217 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930