Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстан бойынша 10 мың оқушы лагерьде тегін демала алады

Биыл Қазақстан бойынша 10 мың оқушы лагерьде тегін демала алады

Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді
Фото: www.istockphoto.com

Биыл жылдың жаз мезгілінде еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Аikyn.kz.

Оқушылардың 500 мыңнан астамы әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен тағы да 10 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады.

Жазғы демалыс бағдарламасы әртүрлі бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда: еңбек және шығармашылық белсенділік, туристік және танымдық маршруттар, зияткерлік әрі білім беру іс-шаралары да бар. Барлық ұйымдастыру шаралары 9 мемлекеттік органның қатысуымен әзірленген бірыңғай жоспар аясында іске асырылады. Осы мақсатта республикалық және өңірлік деңгейде штабтар құрылып, биылғы демалыс орталықтарының тізімі жасақталды.

Қауіпсіз әрі белсенді жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы жадынамалар, нұсқаулықтар мен гайдбуктар әзірленіп, балалар мен ата-аналарға таратылатын болады. Өңірлерде «Киелі шығыс», «Ұлы Дала кереметі», «Jas galym», «Гастро туризм», «Қонақжай отбасы» сынды бірегей жобалар іске асырылады.

Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, оның ішінде бірқатарында тамақтандыру қарастырылған, сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерлері кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарлануда.
09 мамыр 2025 ж. 246 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930