Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды - Тоқаев

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды - Тоқаев

Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жауынгерлеріміздің биік рухының символына айналды. Біз туған жерді қаһармандықпен қорғаған бабаларымыздың ерлігін дәріптеп, Отан үшін жанын қиғандарды жарық естелікпен еске аламыз. Сондай-ақ, бейбіт күнде ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарға құрмет білдіреміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де ауыр сын болды. Сол зұлмат жылдар соғыстың тек қайғы мен қасірет әкелетінін, бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін көрсетті", – деді ол.
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихындағы ажырамас бөлікке айналғанын және бүкіл адамзат үшін маңызды сабақ екенін атап өтті.
"Бұл – әрдайым есте сақтайтын ақиқат. Бүгінде арамызда сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагерлердің болуы – зор қуаныш. Құрметті ардагерлер, барша отандастардың атынан сіздерге шынайы алғысымды білдіремін! Майдангерлердің ерлігі – мәңгі жадымызда. Олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мен жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге мың тағзым!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта.

07 мамыр 2025 ж. 348 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031