Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 мамырдан бастап не өзгереді

1 мамырдан бастап не өзгереді

Фото: baq.kz
Қазақстандықтардың өмірінде 1 мамырдан бастап не өзгереді?
BAQ.KZ тілшісінің шолуынан оқи аласыздар.

Мамыр айында қандай мемлекеттік мерекелер бар?

Мамыр айында Қазақстан үш маңызды мемлекеттік мерекені атап өтеді:

• 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні;
• 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.

Бұл күндердің барлығы ресми демалыс күндері. Сондықтан әдеттегі сенбі-жексенбіге қосымша бірнеше демалыс күндері қосылады.

2025 жылы 1 мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

• 1 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
• 2 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
• 3-4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

• 1 мамыр – демалыс;
• 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері;
• 4 мамыр – демалыс.

Биылғы 7 және 9 мамырда қалай демаламыз?

Мамыр айының екінші аптасында бірден екі мереке бар.

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

• 7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс;
• 9 мамыр (жұма) – демалыс;
• 10-11 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

• 7 мамыр – демалыс;
• 9 мамыр – демалыс;
• 10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні;
• 11 мамыр (жексенбі) – демалыс.

2025 жылдың мамырында қазақстандықтар жалпы қанша күн демалады?

• Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін – мамырда 12 демалыс күні болады (мерекелерді қоса алғанда), ал жұмыс күндерінің саны – 19.
• Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін – 8 демалыс күні, жұмыс күндерінің саны – 23.

Үйге кезек пен өтінішті Отбасы банк қабылдайды

24 мамырдан бастап барлық кезекте тұрғандар мен жаңа өтініштер "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электронды жүйесіне өтеді, оны Отбасы банкі басқарады.

Жаңа жүйе:

Жылжымайтын мүліктің бар-жоғын автоматты түрде тексереді;
Отбасының жағдайы мен мәртебесін талдайды;
Адамдар қатыспайтын тізім құрастырады, бұл сыбайлас жемқорлық пен қателіктерді болдырмайды;
Тұрғын үйді бөлу процесін реттейді.
Бұған дейін тұрғын үй саласында болатын өзгеріс туралы жаздық. Оны мына жерден оқи аласыз.

Жеңіс шеруі өтеді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад 7 мамырда Астананың басты алаңында өтеді. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 300-ден аса қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техниканың үлгілері мен майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиациясының 60-тан астам әуе кемесі қатысады.

Жаңа рейс ашылады

1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша рейстер іске қосылмақ:

"Алматы – Семей – Алматы" – аптасына үш рет, "Астана – Семей – Астана" – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап "FlyArystan" әуе компаниясы "Шымкент – Семей – Шымкент" жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап "Скат" әуекомпаниясы "Алматы – Үржар – Алматы", "Астана – Үржар – Астана" рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.

Жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

1 мамырдан бастап не өзгереді:

● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;

● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;

● 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.

Мұндай шақыртулар жедел шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға кедергі келтіреді. Өзгерістер жүктемені оңтайландырып, азайтып, күту уақытын қысқартады.

МСАК мобилдік бригадасы шақыртуға 60 минут ішінде келеді, ал шұғыл жағдайларда келу уақыты 1-санат үшін – 10 минут, 2-санат – 15 минут, 3-санат – 30 минутты құрайды.

Сұйытылған газды сыртқа шығаруға тыйым мерзімі ұзарады

Энергетика министрлігі сұйытылған газды автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге енгізілген тыйымның мерзімін тағы 6 айға ұзарту туралы бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды.

Құжат қабылданса, 6 айлық тыйым 2025 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енеді.

Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізу ұсынылады.

Сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының ішкі нарығы 2025 жылғы 14 мамырдан бастап алты ай мерзімге ел аумағынан әкетуге тыйым салады, - деп жазылған құжат туралы кестеде.

Жеңіс күні. Ардагерлерге қанша қаражат беріледі?

Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем беріледі. Оның көлемі – 5 млн теңге.

Оқу жылы аяқталады

1 сәуірден бастап оқу жылының IV тоқсаны басталады. Төртінші тоқсанда оқушылар 8 оқу апта оқиды. Сөйтіп 25 мамырда оқу жылын қорытындылайды.

АҚШ визасын алу шарттары өзгереді

2 мамырдан бастап Астана мен Алматыдағы консулдық бөлімдерде визалық сұхбаттарға жазылу сұхбат өтетін күннен үш жұмыс күні бұрын, сағат 17:00-де жабылады.

Мысалы, 2 мамырға сұхбатқа жазылған азаматтар DS-160 визалық өтінім формасын 28 сәуір күні сағат 17:00-ге дейін толтырып, тапсыруы қажет. Егер DS-160 формасы талаптарға сай болмаса, сұхбат кездесу автоматты түрде жойылады және адам "келмеген" ретінде белгіленеді. Мұндай жағдайда сұхбатқа қайта жазылуға тура келеді, — деп хабарлады АҚШ елшілігі.

Негізгі ҰБТ басталады

ҰБТ тестілеуі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер екі мүмкіндікті пайдаланып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (http://app.testcenter.kz) немесе UTO.kz қосымшасы арқылы қабылданады. Талапкерлер өздерінің тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдауға мүмкіндік алады, бірақ бейіндік пәндер бойынша бір ғана комбинацияны таңдайды.
30 сәуір 2025 ж. 51 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 198

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 204

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 266

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930