Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің атам – майдангер

Менің атам – майдангер

Жақында «Қазалы» газетінің Ұлты Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Менің атам – майдангер» атты жаңа айдар жариялағанын оқыдым. Оқи отырып, отбасымызда болған мына бір жайды жазуды жөн деп таптым.
Көктемнің бір күні болатын. Жұмыстан келіп, дастарқан басына жайғасқаным сол еді, үлкен ұлым сөредегі суретті қолына алып, жүгіріп келді.
– Әке, бұл кім? – деп сұрады Хан-Төре. Алтыға адымдаған ол туған-туыстарды танып, жақындарды ажыратып, танымдық сұрақтарды жиі қоятын. Мен үлкен атасы туралы білетін уақыт жеткенін ұғындым.
– Бұл – менің атам. Есімі – Сералы. Сенің атаңның әкесі. Үлкен атаң майдангер болған, – деп әңгіме бастағаным сол еді, құлынымның ертегі тыңдағандай, ықыластана тізе бүккенін көзім шалды.
Сол күні атам Сералы Мырзағұлов туралы барлық мағлұматты балаларыма айтып бердім.
Атам ауылдан Отан алдындағы борышын өтеуге 1939 жылы мамырда аттанған. Әскерде 110 – артиллиристер полкінде жүргізуші болған. 1940 жылдың қаңтарында танк жүргізушілерін дайындайтын 17 полкте үш ай курсант болған. Курсты бітірген соң 251 танк полкіне жіберіледі.
1943 жылдың мамырында 251- танкшілер полкі Орел бағытындағы соғысқа қатысады. Мұздай қаруланған жау әскеридеріне қарсы тотарыс беріп, тұқырта қуады. Сол жердегі «Т-34» маркалы жылдамдығы жоғары, жүруге ыңғайлы, оққа төзімді қуатты танкті атам тізгіндепті. Танкті басқару жеңіл жұмыс емес. Техниканы сауатты меңгеру, жылдамдық, дәлдік, аңғарымпаздық пен нәтижелілік маңызды. Қос тараптан оқ айналаны отқа орап тұрған сындарлы сәттің бірінде жау тарапының снаряды бұлар мінген танк оқпанын тұтастай жұлып кетеді. Жарқыншақ басына тиген жауынгер Мырзағұлов ауыр жарақат алады. Жан берісіп, жан алысып, көзсіз ерліктің үлгісін көрсеткен атама КССР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас командашысының «Алғыс хатын» алады.
Бұдан бөлек І дәрежелі «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлиниді алғаны үшін», «Ұлы Отан соғысында батырлығы үшін» және «КСРО Қарулы күштеріне – 70 жыл» Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған бірнеше мерекелік медальмен наградталады.
Соғыс аяқталған 1945 жылы, жиырма жеті жасында, туған жеріне оралып, еңбекке араласады. Ғани Мұратбаев ауылында отыз жылдан аса көлік жүргізушісі болып жұмыс істедейді. Осы уақыт аралығында «КСРО еңбек ардагері», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін» медальдарына ие болады.
Әжеміз Күнсұлу Келімбетова екеуі өмірге әкелген сегіз перзенттен өсіп-өнген немере-шөбере бүгін батыр атасының жолын жалғап, өрісін кеңейтіп отыр.
Атам 1995 жылы 78 жасында қайтыс болды.
Ерлікті үлгі ету – елдік міндет. Аталар жолын аманатпен жалғау абыройлы сын екенін ұғынықты тілмен балаларыма жеткіздім.
Ұлы Отан соғысы – халқымыздың тарихындағы маңызды кезең. Бұл кезең бізге бейбітшілік, ерлік, елдік сүйіспеншілікті ұғындырып, маңыздылығын түсінуді үйретті. Жеңіс күні – өткеннің естелігі ғана емес, болашаққа деген үміт пен қадамның бастауы.
Рысбек СЕРАЛИЕВ



29 сәуір 2025 ж. 146 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 153

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 151

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930