Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен майдангердің шөбересімін

Мен майдангердің шөбересімін

Менің әкемнің әкесінің әкесі Жақсыбай Қонақов деген кісі 1942-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1943 жылы жеңіл, 1945 жылы орта дәрежелі түрде жаудың оғынан жарақат алып әскери госпиталдан емделіп соғысқа қатысуын жалғастырғаны жайлы әскери билетінде көрсетіліпті.
«Ленинградты алғаны үшін», «Сталинградты алғаны үшін, «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен «Бреслевль бекінісін алғаны үшін» Бас қолбасшы И.В.Сталиннің алғыс хатымен марапатталған.
Және Ұлы Отан соғысының ІІдәрежелі орденінде алған әскерден кіші сержант шенімен 1945 жылдың тамызында елге қайтқан. Жеңіс салтанатын Германияның астанасы Берлинде тойлаған.
Елге келген соң да Қожабақы, Абай, Сталин колхоздарында егінде еккен, бақташы да, шопан да болған.
Бейбіт замандағы ерен еңбектері де ескеріліп, В.М.Лениннің 100 жылдық мерекелік, Еңбек ардагері медалдарымен қатар Ұлы Жеңістің 30, 40 жылдық мерекелік медалдарында иеленген.
Бұл кісі жайлы кеңінен Алматыда тұратын шежіреші МырзағұлАйтенов атаның «Шөмекейлер шежіресі» кітабында, өзімнің атам Беганыштың «Менің әкем майдангер» кітапшасында жазылған.
Жақсыбай атамның 8 ер, 2 қыз баласынан тараған ұрпақтары Қазалыда, Қ.Пірімов, Ақай ауылдары мен Байқоңыр, Астана Алматы, Қызылорда қалаларында өніп-өсіп жапырақтарын жайып жатырған жайы бар.
1996 жылдың 12-сәуірінде дәл космонавтар күні 93 жыл өмір сүріп бақилыққа аттанып Қ.Пірімов ауылына қарасты «Көбек төбе» қорымынан мәңгілік мекенін тапты.Мен ғасыр жасаған соғыс және еңбек ардагерінің шөбересі екенімді мақтан тұтамын.
Тегім Жақсыбай болғандықтан Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 79 жыл мерекесіне орай атамды еске алып отырған жайым бар.

Гүлбибі ЖАҚСЫБАЙ,
Қызылорда қаласындағы М.Мамбетова атындағы
Пед.колледждің ағылшын пәні бойынша 1-ші курст студенті
07 мамыр 2024 ж. 179 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031