Жеңісті ұлықтаған Ұлытау
Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына орай отансүйгіштік, мәдени, әлеуметтік және ақпараттық бағытты қамтитын 200-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ұлытау облысы бойынша 394 тыл еңбеккері бар. Мерекеде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне – 100 000 теңге (394 адам), соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 50 000 теңге (22 адам) біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.
Жеңістің 80 жылдығына орай облыста 800 сарбаз әскерге аттанады.
Жеңіс мерейтойына арналған 80 қайырымдылықіс-шара жүріп жатыр.
Алғаш рет «Жас сарбаз» облыстық, әскери-патриоттық жарысы ұйымдастырылып, оған облыстағы мектептер мен колледждердегі білім алушылар белсене қатысуда.
Мерейтой аясында «Ардағым – ардагерім», «Менің атам – жауынгер» сынды челлендждер ұйымдастырылып, 1000-нан астам жастар игі істі қолдап әкетті.
Облыстың барлық мәдениет мекемелерінде «Мәңгілік ұлықталар Ұлы Жеңіс!» атты фотоқұжат көрмесі, «Ғибратты ғұмыр» еске алу кеші, «Ерлікке өрілген өмір» тағзым кештері, «Ер есімі – ел есінде» музейлік акциясы және оқушылар арасында драма фестивалі өтті. Жезді музейінде «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» тақырыбында көрмелер, «Менің атам – майдангер» атты онлайн бейнежобалар, «Біздің батыр жерлестер» көрмесі және облыстық әмбебап кітапханада тағзым кештері ұйымдастырылды.
Облыс орталығында мамыр айының 6–9 күндері басты мерекелік шаралар өтеді. 9 мамырда «Мәңгілік алау» жанында жылжымалы көрме, «Жеңіс жалауын желбіретіп…» театрландырылған қойылым, «Журавли» әніне хореографиялық композиция, гүл шоқтарын қою рәсімі, далалық асхана, мерекелік концерт және отшашу ұйымдастырылады. Барлық ардагерлерге «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медальдары табысталады.
7 мамырда өтетін республикалық парадқа Ұлытау облысынан тыл еңбеккерлері, Ауған соғысы және Чернобыль апатына қатысушылардан құралған делегация аттанады.