Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Түркияда жүр, дұғада болыңыздар»: Төреғали Төреәлінің қазіргі хәлі белгілі болды

«Түркияда жүр, дұғада болыңыздар»: Төреғали Төреәлінің қазіргі хәлі белгілі болды

сурет: ашық дереккөз
Той ұйымдастыру орталығының директоры Әділет Байнашов әнші Төреғали Төреәлінінің қазіргі жағдайын айтып берді, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы turkystan.kz порталына сілтеп хабарлайды. 
Еске сала кетейік, наурыз айында Төреғали Төреәлінің Астана мен Алматы және Шымкент пен Тараз қаласында жоспарланған концерті өтпей қалған болатын 
“Әлемде ешкім ауырмасыншы. Төреш хабарласып, бір жарым сағат сөйлестік. Сағынғаннан екеуміздің ішіміз толып қалыпты. Түркияда емделіп жатыр екен. Алла шипасын берсін! Жақсы болып қалыпты. Елге аман-есен жетіп ал”, – деп жазды арт-директор. 
Әншінің денсаулығына байланысты концерті кейінге шегерілгенін әкесі де растаған еді. 
“Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. "Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады" деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым. Бұлттың артынан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар",– деп жазды продюсер әке. 
24 сәуір 2025 ж. 232 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031