Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар жауып, үсік жүреді: синоптиктер бүгінге дабылды ескерту жариялады

Қар жауып, үсік жүреді: синоптиктер бүгінге дабылды ескерту жариялады

Фото: pixabay.com
Синоптиктер 24 сәуір, бейсенбі күні Астана мен Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды
BAQ.KZ.

Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 3 градус үсік жүреді. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстікте түнде 3 градус үсік жүреді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Күндіз Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Түнде солтүстік-шығыста топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте түнде 1 градус үсік жүреді.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстік пен шығыста екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады, күн күркірейді, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, облыстың шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, орталықта – 15-20 м/с. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды.
Абай облысында найзағай ойнайды. Оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз солтүстікте, шығыста, орталықта – 15-20 м/с. Семейде күндіз найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында күндіз батыста, оңтүстікте оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Атырауда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні – 15-20 м/с. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Күндіз шығыста шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Оралда найзағай ойнайды. Батыста және оңтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз шығыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз оңтүстікте, таулы аймақтарда екпіні – 15-20 м/с. Алматы мен Қонаевта күндіз найзағай ойнайды.
Жетісу облысында солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Алакөл маңында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20, күндіз екпіні – 25 м/с. Талдықорғанда найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда – 15-20 м/с. Тараз қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні –15-20 м/с.
24 сәуір 2025 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930