Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Баға бір орында ешқашан тұрып қалған емес”. Сарапшы табысты арттыруға кеңес берді

“Баға бір орында ешқашан тұрып қалған емес”. Сарапшы табысты арттыруға кеңес берді

Қаржы сарапшысы Гүлнұр Нұрланқызы елдегі қымбатшылықты сезініп жатқанын айтып, азаматтарға қымбатшылыққа қарамай, табысты арттыруға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қымбатшылықты сезініп жатырмыз. Қосылған құн салығы өсетіні туралы сыбыс шыққаннан бастап бағаны көтеріп жібергендер бар. Сол себепті қымбатшылық бар. Оған қоса әлемдегі жағдай да өз әсерін тигізіп жатыр. Біз әлемдік экожүйенің бір мүшесі болғандықтан, әлемдегі жағдай өз әсерін тигізбей қоймайды, - дейді сарапшы.

Нұрланқызы қымбатшылық ол әрдайым болатын процесс екенін айтты. Ол атап өткендей, елімізде баға бір орында ешқашан тұрып қалған емес. Ол үнемі өзгеріп келеді.

Сол себепті шығыным көбейіп бара жатыр деп уайымдамай отырғанша, өзімізге табысты қалай өсіре алатынымыз туралы сұрақты қоюымыз керек. Сондай-ақ қаржылай сауаттылықты арттырып, қаржыны басқаруды қолға алуымыз қажет. Бізде, жалпы әлемде енді басқаша болмайды, - деп санайды Гүлнұр Нұрланқызы.

Бұған дейін Гүлнұр Нұрланқызы "Неге несиесіз өмір сүре алмаймыз?" және "Тамақты несиеге алу дұрыс па?" деген сұрақтарға жауап берген болатын.

Сондай-ақ қаржылай сауатты болудың жолдарын да сілтеді.

Сарапшының айтуынша, елімізде бірнеше миллион адам кедейлікте өмір сүріп жатыр.

Сонымен бірге Гүлнұр Нұрланқызы қарыздан құтылудың ең жылдам жолын айтты.

Бүгін сарапшы “ақшаны қалай және қайда жинауға болады?” деген сұраққа жауап берді.
22 сәуір 2025 ж. 41 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 50

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930