Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық бағасы аспандап барады

Азық бағасы аспандап барады

Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан азық-түлік бағасының жиі құбылуына байланысты шағымдарды жиі естіп жүрміз. Олардың айтуынша, күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасында тұрақтылық байқалмайтын көрінеді. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» демекші, онсыз да айлығын тартынақтап, бар қажеттілігіне жеткізе алмай отырған қара халық үшін бұл алаңдайтындай жағдай.
Иә, көптің алаңдаушылығын тудырған азық-түлік мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Байқағанамыз, тіпті бұл әлеуметтік желі де жиі талқыға түсіп, тұрғындар азық-түлік бағасының күн сайын құбылып жатқанын айтып, пікір қалдыруда. Сондай пікірдің иесі Әйгерім есімді келіншек базардағы азық-түлік бағамына көңілі толмайтындығын айтады.
– Соңғы уақытта өзім жиі тұтынатын заттардың бағасының қымбаттағанын аңғардым. Бұған дейін 1 келі қантты 410 теңгеге алып жүрген болсам, жақында 450 теңгеден сатып алдым. 5 литр күнбағыс майы 3000-3500 теңге шамасында. Жуаның келісі 300 теңгеден сатылуда. Етті айтпаса да болады. Себебі оны үнемі сатып алуға қалта көтере бермейді. Сүт бағасында да өсім бар. Жалпы қай заттың да бағасы бақылаудан шығып бара жатыр десем артық айтпаймын. Жергілікті атқарушы билік баға тұрақтылығына мән берсе, бақылауда ұстаса дұрыс болар еді. Себебі базарға әр келген сайын әртүрлі бағамен сауда жасайсың. Кейде есептеп алып шыққан ақшаң біріне жетсе, екіншісіне жетпей қалып жатады. Сондықтан жауапты мекеме бағаға қадағалап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек, – дейді кент тұрғыны.
Тұрғынның тілегі орынды. Бұл тарапта жергілікті әкімдіктің жұмысы жүйесіз деп айта алмайсың. Себебі олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына бақылау жасап, сауда үстемесінен асып кетпеу жағдайын үнемі қадағалап жүргендігін әлеуметтік желілерге жарияланған мониторингтік жұмыстарынан жиі байқап жүрміз. Десе де тұрғындардың жергілікті жерде баға тұрақтылығына байланысты шағымдарды кімге айтып, қайда хабарласуға білмейтіндігін аңғардық. Олар баға тұрақсыздығына қатысты қандай да шағым-тілегін айтуға мүмкіндік беретін тиісті мекеменің байланыс нөмірі кеңірек таратылып, ақпараттық жұмыстар жиі ұйымдастырылып тұрса деген назын да айтып қалды.
Атқарушы билік бағаны барынша ауыздықтауға тырысқанымен, саудагерлер айласын асырып жатыр. Олар оны мойындамайды, әрине. Бағаның көтерілуін олар инфляциямен, жанар-жағармай бағасының қымбаттауымен байланыстырады. Бірақ саудагерлерді де кінәлай алмайсың. Себебі кәсіпкерлер мен сатушылар тауардың үстіне қосқан 5-10 тиынмен саудасын жүргізіп, отбасын асырап отыр. Десек те, кейде бағаны тым аспандатып жіберетіндері бар. Сондай да, алып-сатарлар айналадағы ахуалға қарамай, ойына күмп ете қалған бағаны қоя салған ба деп қаласың. Тұтынушылардың мұндай пікіріне қынжылатынын айтып, пікірін білдірген Асылзат есімді саудагер «Біз бағаны аспаннан алмаймыз» дегенді айтады.
–Тұтынушылардың көбісі заттарың неге қымбат деп наразылығын білдіріп жатады. Құдды біз ойдан шығарып, бағаны өзіміз қойып жатқандай. Кейде осыған қынжылып қаласың. Біз қарапайым халықтың біріміз. Бағаның тұрақты болғаны біз ге де тиімді. Бірақ нарық оған көнбей жатса, біздің амалымыз қайсы? Тұрғындар бір нәрсені түсінсе екен деймін. Бағаны біз емес, нарық реттейді. Бағаның өсуі заттың сапасына, жағдайына, алып-келу шығынына қарай реттеледі. Соған сай бізде бағытымзды нарыққа қарай айқындаймыз. Оның үстіне біздің сол сатылатын өнімдердің үстінен көретін табысымыз анау айтқандай көп емес. Өзімізге келген өнімнің үстіне қосылатын үстеме алып-келу, жалға алынған орынның шығындарына жұмсалады. Бірақ барынша көп қоспауға, жалпыға ортақ бағаны ұстап тұруға тырысамын. Көптің тілегімен санасамын. Кейде өз бағасынан түсіп беретін сәттер де болады, – дейді саудагер.
Қанша айтсақ та, қымбатшылық әлі де қос бүйірден қысып тұр. Тіпті баға әзір ауыздықталатынға ұқсамайды. Кез келген елдің экономикасында болатын қалыпты құбылыс дегенімізбен, бұл халықтың күнделікті өміріне кері әсерін беретін процесс екендігін де ұмытпау керек. Егер адамдардың күнкөріс деңгейі төмен болатын болса, мемлекет экономикалық дағдарысқа ұшырауы әбден мүмкін. Ал ондай жағдайдың алдын алмақ үшін әуелі халық табысын арттыруды басты назарға алу керек сыңайлы. Сонда ғана қымбатшылыққа тоқтау қойып, бағаны тұрақтандыру мүмкін болар еді.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
13 мамыр 2023 ж. 256 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 29

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930