Ресей мен Украина осы аптада келісімге келіп, АҚШ-пен ірі бизнес бастайды – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей мен Украина арасындағы соғыс аяқталады дегеннен үмітті екенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ресей мен Украина осы аптада келісімге келеді деп үміттенемін. Осыдан кейін екі ел АҚШ-пен ірі бизнес жүргізіп, өркендеп, байлыққа кенеледі», – деп жазды Трамп.Бұған дейін Украина мәселесіне қатысты Парижде өткен келіссөздер халықаралық қауымдастық тарапынан оң бағасын алды. Франция арезиденті Эмманюэль Макрон АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионы Елисей сарайында қабылдады. Кездесу барысында украин және еуропалық ресми тұлғалар Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тез арада тоқтату мақсатына ортақ қолдау білдірді. Сондай-ақ, жақын арада атыс толық тоқтайды деген пйымдар болды.
Сонымен қатар, Украина мен АҚШ арасында пайдалы қазбалар саласында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды. Бұл келісім аясында екі мемлекет арасында минералдық ресурстарды барлау, өндіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қамтылады. Ресми келісімге 2025 жылдың 24 сәуірі қол қойылады деген болжам бар.