Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысын тексерді. Алдымен Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Мұнда халықтың сұранасына сай автокөлік тұрағы салынады, гүлзармен көмкерілген көркем келбеті қалыптасады. Парк ішінде 3 аллея, 3 бөліктен тұратын субұрқақ, амфитеатр, бетон-скейтпарк, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, 4 фудкорт, шағын сәулеттік пішіндер және аттракциондар болады.

Әрі қарай қалалық мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Қазір мұнда 20-дан астам заманауи атракцион орнатылып, серуен жолына қырлы кеспе плита төселуде. «Bi Global» серіктестігі демонтаж жұмыстарын бітіріп, субұрқақтар мен жарық шамдарын монтаждауға кіріскен. Мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға беру межеленген.

Мұнан бөлек аймақ басшысы Қызылорда қаласындағы жаңа жылу-электр орталығы құрылысымен танысты. Инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы жобаға бағыттаған 215 млрд. теңге инвестициясының 137 млрд. теңгеден астамын салды.
Негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріп, қазір газтурбиналық қондырғылар мен жылу қазандығы орнатылуда. Бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге жаңа орталыққа дейін газ құбыры жүргізілді. Жылу-электр орталығын биыл төртінші тоқсанда іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ облыс әкімі Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысын көрді. Құрылыс алаңындағы жұмысқа 90 адам және 10 техника жұмылдырылған. Жер жұмыстары мен іргетас қалау 100% аяқталып, ішкі әрлеу, сумен жабдықтау, кәріз, газ және электр желілерін тарту қарқынды жүргізілуде. Нысан мамыр айында ел игілігіне табысталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

21 сәуір 2025 ж. 217 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930