Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желбіре, жеңіс жалауы

Желбіре, жеңіс жалауы

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекелік шара кент орталығындағы «Жеңіс» саябағында өтті.
Жиынға соғыс ардагері Қабақ Смағұл, аудан басшысы Мұхтар Оразбаев, мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Мерекелік шара алдымен қазалылық жауынгерлерді еске алумен басталды. Жиналғандар «Мәңгілік алау» ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан соң салтанатты жиын «Жеңісті жарқыратқандар» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жұртшылықты Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
– Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жерлестер! Сіздерді 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – тарихта туған жердің бостандығы мен келешек ұрпақтың бақытты болашағы жолында ерлікпен күресудің жарқын белгісі ретінде алтын әріптермен жазулы.
Ортақ Отанды қорғау үшін біздің ауданымыздан 11 мыңға жуық азамат майданға аттанып, 6 мыңнан астамы ғана аман-есен отбасына оралды.
Бүгінгі ұрпақ аталарымыз жасаған ерлікті әрқашан қастерлеп жадында сақтайды, ешқашан ұмытпайды. Ұлы Жеңiс күнiнде баршаңызға ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тiлеймiн, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Аудан өнерпаздарының дүбірлі думанға тыңғылықты дайындалғандығын аңғардық. Олар «Жеңіс» саябағына жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тұрғындар сарбаздардың сап түзеген салтанатты шеруін қызықтап, шайқас кезінде жауынгерлерді жігерлендірген жалынды әндерді тыңдады. Сонымен бірге театрландырылған қойылымдар сахналанып, оны көпшілік ерекше таңданыспен тамашалады.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
11 мамыр 2023 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930