Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қонаев пен Алматы арасында LRT құрылысы салынуы мүмкін

Қонаев пен Алматы арасында LRT құрылысы салынуы мүмкін

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері Оңтүстік Кореяның RETD CO., LTD компаниясы делегациясымен Алматы мен Қонаев қалаларын жалғайтын LRT жобасын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуді ашқан Рустам Исатаев көлік инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық маңыздылығына тоқталды. 
Алматы облысы – инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға басымдық береміз. Маглев технологиясын қолданатын LRT жобасы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі, – деді облыс әкімінің орынбасары.
RETD CO., LTD компаниясының атқарушы директоры Ли Чан Ук магнитті ілініс технологиясының артықшылықтары және компанияның Азия елдеріндегі осындай инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі туралы айтып берді.
Біздің тәжірибеміз бен технологиямыз Қазақстан үшін пайдалы болады деп сенеміз. Маглев – бұл болашақтың көлігі, және біз Алматы облысының ауқымды дамуына үлес қосуға дайынбыз, - деді ол.
Бүгінде Алматы облысында корей капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Тараптар LRT жобасын жүзеге асыру өңірдің көлік жүйесін дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, технологиялық және экономикалық серпін беретіндігіне сенім білдірді. 

17 сәуір 2025 ж. 215 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930