Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшы тағайындалды

ҚР КМ АЖК «Жол автивтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды.

Мұқанов Мақсат Асхатұлы 1990 жылы 3 шілдеде қазіргі Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2012 жылы «Көкше» академиясында «Құқықтану» мамандығын тәмамдап, 2020 жылы Л.Б. Гончаров атындағы «Қазақ Автомобиль-жолдары академиясында» «Көлік құрылысы» бойынша екінші жоғары білімін алған. Мақсат Мұқанов еңбек жолын 2012 жылы Алматы облысы бойынша «К-Дорстрой» АҚ жол көлік қозғалысының инженері қызметінен бастаған.
2016-2018 ж.ж Астана қаласының «К-Дорстрой» АҚ жол көлік қозғалысының қауіпсіздігінің инженері, 2018-2019 ж.ж Шығыс Қазақстан облысы бойынша «К-Дорстрой» АҚ жол көлік қозғалысының қауіпсіздігінің инженері, 2019-2021 ж.ж «Қазақавтожол» ЖШС Алматы ОФ бас инженері, 2021-2022 ж.ж «Қазақавтожол» ЖШС Алматы ОФ директоры, 2022 жылдың сәуір-тамыз аралығында «Қазақавтожол» ЖШС Ақмола ОФ директоры, 2022 ж «Қазақавтожол» ЖШС Алматы ОФ директоры қызметтерін абыроймен атқарып келген.
Жол саласындағы қажырлы еңбегі үшін 2022 ж ҚР ИИДМ “Құрметті жолшы” төс белгісімен марапатталған.
“ҚАЖсервис” ЖШС құрылғанына 25 жылдығына орай бас директордың “Жол саласының дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін” медалін иеленген.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығының бас директоры Болатбек Қобланбекұлы Сыр өңіріне арнайы келіп, жаңа басшыны филиал ұжымына таныстырды. Және Мақсат Асхатұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, өңір жолдарының сапасын жақсарту бағытында өз білім-біліктілігі мен тәжірибесін көрсетіп, жемісті қызмет ететініне сенім білдірді.
06 наурыз 2025 ж. 357 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 126

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930