Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гарвард шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылуы мүмкін

Гарвард шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылуы мүмкін

Фото:REUTERS
Гарвард университеті Дональд Трамп әкімшілігінің талаптарын орындамаса, шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылуы мүмкін. Reuters агенттігінің мәліметінше, университет бұл талаптарды қысым деп бағалап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің мәлімдеуінше, Гарвардқа бөлінген 2,7 миллион доллар көлеміндегі екі грант тоқтатылған. Министрлік университеттен 30 сәуірге дейін шетелдік студенттік визалардың иелері туралы толық есепті талап еткен.
Егер Гарвард белгіленген есеп талаптарын толық орындамаса, онда шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылады, – делінген министр мәлімдемесінде.
Бұл талаптар Израильдің Газа секторына жасаған әскери операциясына қарсы өткен пропалестиналық наразылықтардан кейін қойылып отыр. Дональд Трамп наразылық білдірушілерді антисемиттік көзқараста деп айыптап, оларды АҚШ-тың сыртқы саясатына қауіп төндіруші әрі ХАМАС-ты жақтаушылар деп сипаттады. Сонымен қатар, әкімшілік наразылыққа қатысқан кейбір шетелдік студенттерді елден шығаруға тырысып, ел көлемінде жүздеген визаны кері қайтарып алды.
Гарвард университеті академиялық еркіндікті, пікір айту бостандығын және студенттердің наразылық білдіру құқығын қорғайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, университет антисемитизм мен өзге де кемсітушілік түрлерімен күрес жүргізіп жатқанын атап өтті.
Алайда, Гарвард Трамп әкімшілігінің бірқатар талаптарын орындаудан бас тартты. Наурыз айының соңында әкімшілік университетке бөлінетін 9 миллиард доллар көлеміндегі федералды қаржыны қайта қарауға шешім қабылдап, университетке бетперде тағуға тыйым салуды, әртүрлілік, теңдік және инклюзияны қолдайтын бағдарламаларды тоқтатуды ұсынған болатын.
Нәтижесінде, 2,3 миллиард доллар көлеміндегі қаржыландыру уақытша тоқтатылып, АҚШ-тың Салық қызметі Гарвардтың салықтан босатылған мәртебесін жоюды жоспарлап отыр. Университеттің пікірінше, бұл студенттерге көрсетілетін қаржылық көмекті қысқартып, медициналық зерттеулерге арналған маңызды бағдарламалардың тоқтауына әкелуі мүмкін.
Гарвард университеті аталған талаптарды орындау оқу орнының еркіндігіне тікелей қауіп төндіріп, оның дербес білім және ғылым орталығы ретіндегі қағидаттарына қайшы келетінін алға тартып отыр.
Айта кетейік, Трамп әкімшілігі Гарвардтан бөлек, Колумбия, Принстон, Браун, Корнелл және Нортвестерн университеттерінің де бірқатар қаржыландыру көздерін қысқартқан.

17 сәуір 2025 ж. 110 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930