Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионы Аида Әбікееваға су жаңа автокөлік сыйланды

Бокстан әлем чемпионы Аида Әбікееваға су жаңа автокөлік сыйланды

Alash.kz
Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Халиков Камалутин Магомедұлы әлем чемпионы Аида Әбікееваға жаңа автокөлік табыстады. Бұл туралы Қарағанды облысы БФ ресми парақшасы мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бұл сүйінші жаңалық инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды.

“Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат.

Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!”,- деп жазылды постта.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандылық Аида Әбікеева бокстан Сербияда өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Аида Қарағанды облысы тарихындағы әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Боксшы өткен жылдың желтоқсан айында ғана Тайланд төрінде Азия чемпионатында топ жарған еді. Араға 3 ай салып, әлемді де бағындырды.
16 сәуір 2025 ж. 227 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930