Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізуші куәлігін қалай ауыстыруға болады?

Жүргізуші куәлігін қалай ауыстыруға болады?

Жүргізуші куәлігі үш жағдайда өзгертіледі: жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін немесе кейін және санат өзгерген кезде. Қалай әрекет ету керек және ол үшін қандай құжаттар қажет?

Жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік БАЖ төленгенін растайтын құжатыңыз болуы қажет. Сондай-ақ, мерзім аяқталмаса екінші денгейлі банк қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" арқылы ауыстыруға болады. Егер сізде жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, жеке басын куәландыратын құжат, 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама және мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат болуы қажет. Емтиханды қайта тапсыру қажет емес.

Егер сіз қосымша санаттар алғыңыз келсе, сізде автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік болуы керек. Сонымен қатар "C", "D1", "D", "Tm", "Tb" санаттарын алу үшін - жүргізуші ретінде жұмыс өтілін растайтын құжат қажет.

Мамандандырылған ХҚКО Тасбөгет кенті, Жаңадария шатқалы, 91 мекенжайында орналасқан.
14 сәуір 2025 ж. 323 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031