Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапқа шығудан бас тартқан: Ұлттық ұлан сарбаздары жаппай төбелес шығарды

Сапқа шығудан бас тартқан: Ұлттық ұлан сарбаздары жаппай төбелес шығарды


Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Halyqstan Telegram-арнасының жазуынша, курсанттар сапқа шығудан бас тартып, басшылықтың бұйрығына бағынбаған.
Соның салдарынан жанжал туындап, ол жаппай төбелеске ұласқан. Алғашқы курс курсанттары ауызша ерегістен кейін жұдырықтасуға көшкен. Төбелеске шамамен 20 адам қатысқан.
Қақтығыс салдарынан бір курсанттың мұрны сынған, басқалары көгеріп, жеңіл жарақаттар алған.
“Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында алғашқы курс курсанттарының арасында орын алған жанжалға байланысты тексеріс жүргізілуде. Оқиға нәтижесінде бірнеше курсант жеңіл жарақат алып, денелерінен сызаттар мен көгерген орындар анықталды. Қажетті медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді, ешкім ауруханаға жатқызылған жоқ. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда”, – деп хабарлады Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі.
14 сәуір 2025 ж. 283 0

Сталкингті тоқтат

11 ақпан 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728