Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 125 жастағы ер адам ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті

125 жастағы ер адам ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті

Фото: E.Sikorskaya/Globallookpress
Перу азаматы Марселино Абад Толентино өзінің 1900 жылдың сәуір айында дүниеге келгенін айтады. Егер бұл мәлімет рас болса, ол қазіргі таңда жер бетіндегі ең қарт адам болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір қария Уануко қаласындағы қарттар үйінде тұрады, арбамен қозғалады, алайда айналасындағы адамдармен қуана тілдесіп отырады.

Ұзақ жасауының себебін ол өмір салтымен байланыстырады. Әсіресе, тамақтану тәртібіне баса мән береді. Оның айтуынша, өмір бойы өз бақшасында өсірілген табиғи өсімдіктерді тұтынған. Сонымен қатар, ет тағамдарын, әсіресе қой етін де жегенін айтады.

Марселино өмір бойы түрлі жұмыс атқарған, ата-анасынан ерте айырылып, өз көзімен талай тарихи оқиғаның куәсі болған. Сонымен қатар, ол үнемі дене белсенділігін сақтап, табиғатпен етене өмір сүріп, серуендеуді әдетке айналдырған.

Mirror басылымының хабарлауынша, қария ұзақ жылдар бойы өз фермасында тұрып келген, ал қарттар үйіне тек өз-өзіне күтім жасай алмай қалғаннан кейін ғана көшкен.

Ол ұзақ жасаудың басты үш себебін атап көрсетеді. Олар: дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалыс пен өмірге деген оң көзқарас.

Бұған дейін 112 жасқа жеткен жапон азаматы да өз құпиясымен бөліскен болатын. Оның айтуынша, ол үнемі жымиып жүреді және ешқашан ашуланбайды.

Ғалымдар сонымен қатар жер бетінде ұзақ жасаушылар көп шоғырланған "көк аймақтарды" (blue zones) атады.

Мұндай бес аймақ бар: Жапониядағы Окинава аралы, Италия мен Грециядағы Сардиния және Икария аралдары, Коста-Рикадағы Никоя түбегі және АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лома-Линдада орналасқан діни қауымдастық.

Италиялық зерттеушілер бұл аймақтардағы тұрғындардың өмір салтын егжей-тегжейлі зерттеп, олардың тамақтану жүйесіндегі ортақ ұқсастықтарды анықтаған. Бұл мәліметтер геронтологияға арналған Ageing Research Reviews журналында жарияланған.
13 сәуір 2025 ж. 610 1

Lourdes от 13 сәуір 2025 22:02
Лев Казино — это ваше идеальное место для незабываемых азартных приключений. В нашем казино вас ждут не только популярные игры, но и эксклюзивные предложения для всех игроков. Мы предлагаем не только высококачественные игры, но и гарантируем безопасность, честность и прозрачность каждого процесса. Что делает Lev casino зеркало рабочее лучшим выбором для онлайн-геймеров? В нашем арсенале только лучшие игры, которые прошли сертификацию и отвечают мировым стандартам. Каждый игрок получает шанс на выигрыш благодаря регулярно проводимым акциям и турнирам. Просто начните играть, и победа обязательно будет на вашей стороне. Каждый новый игрок получит щедрые бонусы, которые увеличат его шансы на победу. Мы постоянно добавляем новые игры, чтобы наши игроки не скучали. Наши специалисты всегда готовы помочь вам в любое время дня и ночи. Быстрая регистрация и удобство в пополнении счета. Начните играть в Лев Казино сегодня и забудьте о скуке — только победы и азарт.

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930