Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алпауыттар айқасы: саудадағы соғыс

Алпауыттар айқасы: саудадағы соғыс

Осы жылы АҚШ президенті Дональд Трамп Американың сауда серіктестерінің басым көпшілігіне қарсы баж салықтары енгізілетінін жариялаған болатын. Еуроодақ елдерінен АҚШ-қа әкелінетін импорт тауарларға 20 проценттік, Ұлыбританиядан алынатын тауарларға 10 проценттік баж салығы енгізілетінін, ал кейбір елдерден әкелінетін тауарларға 40 пайызға дейін баж салығы салынады делінген мәлімдемеде. Ал қытайлық тауарларға 104 проценттік баж салығын енгізгені 2025 жылдың басты жаңалығы, саяси дүмпудің бірі болып отыр.

«Fox Business» басылымы хабарлағандай, мәселеге Қытай билігінің АҚШ тауарларына салынатын 34 проценттік тарифін алып тастамағандығы себепкер. Жарияланған мақалада Ақ үйдің баспасөз хатшысысының 104 проценттік қосымша тарифтер шығыс уақыт бойынша түскі 12-де күшіне енетіні мәлімделген. Себебі Қытай жауаптық шараларын алып тастаған жоқ. Баж салығының жаңа түрі басқа елдерге енгізілген жаңа тарифтермен бірге 9 сәуірден бастап алынатыны айтылған. Трамп бұл қадамға Қытаймен сауда теңгерімін қалпына келтіру және америкалық өндірісті қолдау мақсатында барғанын жеткізген. Алайда саяси шешім әлемдік нарыққа өзгеріс алып келген. Ақүйдегі қарар нәтижесінде АҚШ-тағы тұтынушылар мен кәсіпорындарға да зиянын тигізуі мүмкіндігін айтады әлем сарапшылары. Қарсыластан саяси «соққы» алған аспанасты еліндегілер шешімді қалай қабылдады? Қандай қам жасады?
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ мен АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин екіжақты келіссөздер жүргізіп, сауда таластарын шешудің тетіктерін табуға талпынған. Қытай тарапы АҚШ импорты мен экспорты арасындағы дисбалансты төмендетіп, АҚШ тауарларын молырақ сатып алуға көнген. Алайда нәтижесіз аяқталды.
«Reuters» агенттігінің айтуынша, Қытай тарапы бұл қадамды бопсалау деп санайтындықтарын айтты. Бұл туралы Қытайдың сауда министрлігі: «АҚШ Қытайға қарсы баж салығын көтерем деп, бопсашыл, қате үсемдік жасап отыр. Егер ол өз ұстанымдарынан қайтпайтын болса, Қытай соңына дейін күреседі", – деп мәлімдеді.
Алғаш АҚШ президенті өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісінде Қытайдан әкелінетін импорт тауарларына салынатын 54 пайыздық баж салығы тағы 50 пайызға артуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Сондай–ақ Дональт Трамп мұндай шараны Пекин америкалық импортқа 34 пайыздық баж салығын енгізетін болса, қабылдайтынын айтқан болатын. Артында ұстанымымын Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында растады.
Егер Трамп айтқан өзгеріс енгізілсе, АҚШ-тың Қытайдан әкелінетін импорт тауарларға салатын баж салығы 104 процентке жетпек. Оның 20 процентін Трамп наурыз айында, ал оған қосымша тағы 34 пайызын өткен аптада енгізген болатын.
«Bloomberg» басылымы Еуропа одағы АҚШ-тан әкелінетін бірқатар тауарға 25 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын жазды. Мақалада Еурокомиссия құжаттарында баж салығы мөлшерін арттыруға ұсынылған ондаған тауар түрі көрсетілген. Кейбір тауарға 25 проценттік баж салығы 15 сәуірден бастап енгізу көзделген. Бірақ негізгі қарымта шаралар мамыр айының ортасында күшіне енбекші. Бұған дейін «Reuters» агенттігі Еуроодақ АҚШ-тан алатын ет, дақылдар, шарап, ағаш, киім-кешек, сағыз, әжетхана қағазы және басқа да тауарларға көтеріңкі баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын көрсеткен.
Еуроодақ билігі АҚШ-пен баж салығына байланысты келіссөздер жүргізуге дайын екенін жеткізді. Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ АҚШ-қа өнеркәсіп тауарларынан екіжақты баж салығын алып тастауды ұсынғанымен, ол ұсынысқа тиісті жауап алынбағанын айтқан.
Еуроодақ елдерінің сауда министрлері 7 сәуірде Люксембургте өткен кездесуде АҚШ-пен президент Дональд Трамп енгізген баж салығын жою жөніндегі келіссөзге басымдық бергені дұрыс деген ұйғарымға келді. Сондай-ақ Еуроодақ АҚШ-қа қарсы шараларының бірінші пакетін де әзірлеп жатқанын «Reuters» хабарлаған.
АҚШ-тан әкелінетін тауарларға 28 миллиард доллар көлемінде салық енгізу көзделген тауарлар тізімде тіс тазалайтын жіптен бастап алмасқа дейін тауардың небір түрі бар. Еурокомиссия өз тараптарынан осы тауарларға 25 процент мөлшерінде баж салығын енгізуді ұсынуда. Олар ұсынған тізімнен виски, бурбон және сүт өнімдері алынып тасталған. Алайда тауық еті мен жұмыртқаны қосылған.
Бұл шаралар АҚШ-тың сырттан келетін болат пен алюминийге салған баж салығына қарымта болмақ. Еуроодақ АҚШ үкіметінің шетелден әкелінетін автомобильдер мен басқа да тауарларға баж салығын енгізуіне қарымта шаралар пакетін де дайындауда. «Екінші кезектегі» баж салығы енгізілетін болса, оларды желтоқсан айында ала бастауы мүмкін.
АҚШ айтқан Еуропа одағына мүше 27 мемлекеттен өзі алатын болат, алюминий және автомобильдерге – 25, басқа да көптеген тауар түрлеріне 20 процент баж салығын кездесуге келген өкілдердің көпшілігі қолдамады.
Тақырып туралы Нидерландының сауда министрі Ренет Клевер: «Біз сабыр сақтап, шиеленісті басуға әрекет етуіміз керек. Қазір бірден қарсы әрекетке көшсек, соңы қиындыққа соғатынын нарықтаға жағдай көрсетуде. Бірақ біз америкалықтарды келіссөзге көндіру үшін қажет болған жағдайда қарымта шаралар қабылдауға сақадай сай болуымыз керек", – дейді.
Басқосуда жиылғандар Еуроодақтың негізгі мақсаты – Вашингтонмен арада толық көлемді сауда соғысын тұтатпай, мәселені мәміле жолымен шешу үшін келіссөздер бастаған жөн деген пікірді жеткізді.
Ескерерлігі, 2024 жылы АҚШ-тан Еуропа одағына құны 334 миллиард еуро болатын тауарларды экспорттап, Еуроодақтан 532 миллиард еуроның тауарларын алған болатын.
Тарифті тоқтам туралы шешімнен соң құрама штаттар биржаларында акциялар аспандады. S&P қор индексі бір күнде 9 процентке көтеріліп, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бергі ең үздік көрсеткіш жаңарды. Dow Jones индексі күн соңында 7,8 процентке артты.
Әзірге АҚШ-тың көптеген сауда әріптестеріне енгізген импорттық баж салығын 90 күнге тоқтататылып тұр. Қытайдан келетін тауарларға салынатын баж салығы керісінше 104-тен 125 пайызға дейін көтерілген.
Уолл-стриттегі акциялардың құны өткен аптада тарифтерді ресми бекіткеннен кейін құлдилаған. Бес күн ішінде негізгі биржа индекстері 10 процентке төмендеді.
АҚШ тарапы Қытайдан келетін өнімдерге жаңа импорттық баж салығы сол күйінде қалатынын айтып отыр. Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпиннен жауап күтетінін және онымен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
Алпауыттар айқасын Трамп бұрынғы әріптестерінің немқұрайлығы, өзіне дейінгі басшылардың сауданың жайын түсінбей, тек ұтылумен келгенін алға тартуда.
Вашингтонда өткен басқосуда АҚШ пен Қытайдың өкілдері сауда тартысы бойынша келісімге ортақ мәміле таба алмады. «Fox News-ке» берген сұхбатында Д.Трамптың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Лари Кодлау сауда тартысынан екі жақ та зардап шегетінін айтқан.
Қазір қытайдан соя бұршағы, жүгері мен бидай сатып алатын тоқырап отыр. Ал Трамп оларға субсидия бергізіп, бұл мақсатта Конгрестен тағы да 15 млрд доллар сұрайтынын твитінде жариялады.
Вашингтон Қытайдан енгізілетін 200 млрд доллардың тауарларына салынатын баж салығын 10 пайыздан 25 пайызға дейін арттыратынын жариялады. Жаңа тарифтік өзгерістерден кейін Қытай 13 мамырда 60 млрд көлеміндегі америкалық тауарларға маусым айынан бастап баж салығын көтеретінін жеткізді. Қатарындаға 5000-нан астам америкалық тауарға салық 5-25 процентке ұлғаймақшы.
Салдары қазірдің өзінде Американың қаржы рыногын өзгертті. «Dow Jones» өнеркәсіп индексі Нью-Йорктегі саудасын ашқанда 1,7 процентке құлдыраған.
Сарапшылардың, Д.Трамптың негізгі мақсаты – Қытайдың дамуын тежеу, Қытай төнімдерінің АҚШ рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін төмендету, жоғары технологиялы өнімдерін сатуға «соққы беру» тәсілі екенін жарыса жазуда.
Сауда соғысында салмақ тұтынушылар өндірушілерге түсіп отыр. Тариф өсімі бағаның асқақтауына бастайтын амал. АҚШ халқы бұл шараға салқынқандық танытса, шығыстағы қарсыласы өз халқымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаңа жоспарлар түзуде.
«New York Times» газеті Д.Трамп төңкерісін «Мұндай әлемдік сауда жүйесі бұзылысынан соң экономикалық дамуды тежеледі. Порттары мен әуежай терминалдарында орынсыз қарбаластар туып, тауардың жеткізілу жылдамдығы баяулайды» деп бүкіл әлемдік экономикаға қауіп төндіретінін жазды.
Bloomberg агенттігі аз уақыттың ішінде АҚШ-тың Қытайда өнідірісін өрістетіп отырған «Boeing», «Apple», «Tesla», «Ford», «GM» сияқты ірі корпорациялары зардап шегіп жатқанын айғақтады.
Қос мықтының қақтығы Қазақстанға қандай өзгерістер алып келеді?
Ел сарапшыларының айтуынша, Қытай АҚШ-тан әкелінетін кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне баж салығын енгізген соң, еліміз үшін нарықтағы бос орынды толтыруға мүмкіндік тумақ. Қытай мен Қазақстан арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық орнап, инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар артпақ.
Кеден салығы күресі Қытайдың Ресеймен байланысын нығайтуда. АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары ел ішіндегі миллионерлердің шығынға ұшыратады.
Қазақстанды Қытаймен байланыстыратын тағы бір жол – Ұлы Жібек жолы. Оның Шығыс пен Батысты жалғастыратын транзиттік потенциалы бар. Қазақстан – Қытай үшін мүмкіндік беретін мемлекет.
Кейбір экономистердің ойынша, Ресей мен Қытай арасында экономикалық салқындық пайда болса, ол Қазақстанға тікелей әсер етеді. Қытай мен Ресей арасындағы байланыс берік болса, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының бізге бәлендей ықпалы жоқ.

Дайындаған Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
12 сәуір 2025 ж. 87 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930