Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай мен АҚШ текетіресті. Қытай Голливуд фильмдерін импорттауды шектеп тастады

Қытай мен АҚШ текетіресті. Қытай Голливуд фильмдерін импорттауды шектеп тастады

сурет: ашық дереккөз
Қытай билігі АҚШ-қа қарсы ұйымдастырған сауда соғысын жалғастырып жатыр. Ел үкіметі бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай тауарларына қосымша тариф енгізу шешіміне жауап ретінде тағы бір қадамға барды. Олар Голливуд фильмдерінің елге импортын шектейтінін мәлімдеді, деп жазды Alash.KZ.

Almaty.tv бұл жайлы хабарлады Reuters агенттігінің мәліметіне сүйене ақпарат таратты.

Соңғы отыз жыл бойы Қытай жылына шамамен 10 ірі америкалық фильмді елге кіргізуге рұқсат беріп келген. Алайда бейсенбі күні Қытайдың Ұлттық кино басқармасы Голливуд фильмдерінің болашақтағы импорт көлемінің қысқаратынын мәлімдеді.

Дегенмен сарапшылардың пікірінше, оның экономикалық әсері шектеулі болмақ. Себебі соңғы жылдары Қытайдағы Голливуд фильмдерінің кассалық табысы күрт төмендеген.

Бұған дейін Голливуд Қытайды әлемдегі екінші ірі кино нарығы ретінде стратегиялық маңызды бағыт деп қарастырып келген. Алайда соңғы жылдары отандық кинотуындылар америкалық фильмдерден басым түсіп жүр. Мәселен, 2025 жылы жарық көрген қытайлық анимациялық фильм «Нэчжа 2» (Nezha 2) Disney/Pixar студиясының «Inside Out 2» (Ойжұмбақ 2) мультфильмінен асып түсіп, Қытай тарихындағы ең табысты анимациялық фильм атанды.

"Қытайдың бұл шешімі – Трамп әкімшілігіне жолданған символдық жауап. Алайда АҚШ үшін бұл экономикалық тұрғыда айтарлықтай шығын әкелмейді, – дейді салалық сарапшы әрі «Feeding the Dragon: Inside the Trillion Dollar Dilemma Facing Hollywood, the N.B.A. & American Business» кітабының авторы Крис Фентон.

Оның айтуынша, қазір Қытай нарығындағы Голливуд фильмдерінің кассалық үлесі небәрі 5 пайыз. Сонымен қатар Қытай тарапынан америкалық студияларға қайтарылатын табыс үлесі небәрі 25 пайыз, ал бұл көрсеткіш өзге елдерде орта есеппен 50 пайыз шамасында.

Фентон: «Бұл қадам – Қытайдың қатаң саяси ұстанымын көрсетуге арналған және Вашингтонның назарын аудартуға бағытталған», – деп бағалады.

Сарапшылардың айтуынша, қазір Голливуд фильмдерінің тек 25 пайызы ғана Қытай нарығына ене алады. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары Қытайдың ішкі киноиндустриясының қарқынды дамуына байланысты төмендеп келеді.
11 сәуір 2025 ж. 404 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930