Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: АЛДАҒЫ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: АЛДАҒЫ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қызылордада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ұлттық құрылтай: алдағы мақсаттар мен міндеттер» атты дөңгелек үстел өтті.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын 2026 жылы Сыр өңірінде өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы деп білеміз», - деді Н.Нәлібаев.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірі байыпты бастамалардың, жасампаз жобалардың ордасына айналды. Өңір барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Осыдан үш жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өсім 206 пайызды құрады. Бұл ауқымды қаражат ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайыздан астамын аяқтады. Қыркүйек айында аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне беріледі. Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Катарда өткен үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылады деп жоспарлануда.
Жиында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы сөз сөйледі. Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова, көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Нуридин Амитов, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова пікір білдірді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
11 сәуір 2025 ж. 434 1

Kareem от 11 қыркүйек 2025 14:38
Vovan Casino — площадка, где престиж сочетается с азартом. Здесь каждая ставка становится шагом к успеху. Почувствуйте атмосферу премиального гемблинга — Vovan поддержка игроков. Живое казино с профессиональными дилерами. Каждый элемент платформы создан для вашего комфорта. Индивидуальные предложения для постоянных игроков Финансовый сервис уровня private banking Поддержка 24/7 в стиле консьерж-сервиса Vovan Casino — казино, которое соответствует вашему уровню.

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930