10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет пе?

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хабарламаларда жүргізушілер жарамдылық мерзімі алдағы үш жылда аяқталатын жүргізуші куәлігін 10 сәуірге дейін міндетті түрде ауыстыруы қажет екені айтылған.
Алайда полиция бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының айтуынша, жүргізуші куәлігін ауыстыру жоспарлы түрде жасалады және қосымша шарттар мен қайта тапсыруды талап етпейді.
"Жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібіне ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Азаматтардан фейк ақпараттарға сенбеуді және тек ресми дереккөздерден ақпарат алуды сұраймыз", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Сондай-ақ, департамент әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Полиция қырағылық танытуға шақырды және тек сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге кеңес берді.