Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Катар еліне іссапары барысында еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге бу-газ қондырғысын салу келісілген болатын.
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ мен катарлық «Power International Holding» компаниялары арасында келісімге қол қойылып, жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталуда.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен өткен мәжілісте станция құрылысына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Жиынға «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері, облыстық басқарма және жергілікті мекеме басшылары қатысып, бірқатар мәселе пысықталды.
Станция құрылысы үшін 250 гектар жер телімі белгіленген.
Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» бағытында 500 кВ жоғары қуатты электр желілері салынады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы өте маңызды жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын болдырмауға, республиканың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл мегажобаны 2028 жылдың аяғына дейін толық іске асыру көзделген.
06 сәуір 2025 ж. 389 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930