КӨПШІЛІК КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІКТЕ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы кезекті сенбілікте өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 000 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 800-ден астам техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері облыс аумағына 28 400 түп жергілікті климатқа сай келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі













