Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтелекомға қарсы тергеу басталды

Қазақтелекомға қарсы тергеу басталды

Фото: depositphotos.com
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақтелекомға қарсы тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазір интернет нарығында "Қазақтелеком" АҚ және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) үлесі басым болып отыр.
"Байланыс операторларының интернет бойынша бағасы зерттелді. Талдау нәтижелері бойынша "Қазақтелеком" АҚ-дан монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Осыған байланысты агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзылуы бойынша тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, агенттік уәкілетті мемлекеттік органдарға басқа байланыс операторларының тұрғын үйлерге қосылуына кедергілерді жою бойынша ұсыныс жіберді.
"Талдау барысында агенттік басқа байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруін, сондай-ақ, кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Қазақстанда байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілініп, тергеу басталғаны хабарланды. 

19 наурыз 2025 ж. 522 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930