Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрі мектеп директорларына қойылатын талапқа қатысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрі мектеп директорларына қойылатын талапқа қатысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі мектептерге директор тағайындау талабы күшейтілгенін айтты.
Фото: Pixabay
- Жалпы талап күшейтілді. Сондықтан мектептерде орын алып жатқан мәселелерді толыққанды шешу үшін және көптеген жаңалықтарды енгізу тұрғысында мектеп басшысының креативті әрі өте білікті болуы аса маңызды. Осыған қатысты Президенттің тапсырмасымен «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын қабылдап, қазірдің өзінде 500 мектептің болашақ үміткерін даярладық, олар мектеп директоры бола алады. Бұл ретте, барлық жағдай қарастырылған, яғни ешбір конкурссыз тағайындалуы сондай-ақ жалақысының жоғары болуы ескерілген, - деді Ғ. Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, директорлыққа үміткерлерді даярлаумен қатар, қазір қызмет етіп жатқан мектеп басшыларын да арнайы курстардан жаппай оқыту жұмыстары қолға алынып жатыр.
Еске салсақ, биыл ақпан айында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа мәжілісінде елдегі 740 мектепке директор керек екенін айтқан еді.
Министрлік 2023 жылдан бастап «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көсбасшысы» жобасын іске асырып келеді.

12 наурыз 2025 ж. 87 0

Үш өңірде ауа ластанады

12 наурыз 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31