Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық киноны қолдау орталығы конкурс жариялады

Ұлттық киноны қолдау орталығы конкурс жариялады

Конкурска құжаттар 5 наурыз бен 13 наурызға дейін (12 наурыз сағат 23:59) дейін қабылданады.
Фото: istockphoto.com
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады.⠀
Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады.

Бірінші кезең – фильмдердің сценарийін немесе сценарий жоспарларын қарау. Екінші кезеңде тақырыптық жоспарға сай келетін, Сараптама кеңесі іріктеген жобалардың құжаттарын жинақтау жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Орталыққа сценарийлерді қарауға өтінімді, PDF форматында сценарийлерді, авторлық шарт пен жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтініш беруші мен сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты жіберуі қажет. Өтініш беруші фильмнің әр түрі, ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі-хроникалы фильмдер бойынша тек 2 сценарий ұсына алады.

Құжаттар 5 наурыз бен 13 наурызға дейін (12 наурыз сағат 23:59) дейін қабылданады.

«Біздің мақсатымыз – ашық әрі әділ конкурс өткізу. Алдағы уақытта іріктеуге қатысты ақпараттар министрліктің және орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында тұрақты жарияланатын болады. Конкурстық іріктеуге қатысты сауалдарыңыз болса, Кино орталығы жанынан кеңес беру қызметі ашылғанын хабарлаймыз! Бұған дейін осы жылғы киножобалар конурсына арналған басым тақырыптар тізімі жарияланған болатын. Киногерлер тұшымды дүние дайындап, көрерменге сапалы дүние ұсынуға күш салады деп сенеміз», – деп, министр Аида Балаева қатысушыларға сәттілік тіледі», – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, конкурстық іріктеуге қатысу құқығына ие болу үшін үміткерлердің салық берешегінің болмауы, банкроттық рәсімге тартылмауы маңызды.
05 наурыз 2025 ж. 240 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 103

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930