Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » LRT биыл күзде іске қосылады

LRT биыл күзде іске қосылады

Бұл туралы ҚР Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: cts_kz
Депутаттың айтуынша, вагондар Қытайда құрастырылып жатыр.
«Астанадағы LRT биыл күзде іске қосылады. 4 вагон сыйымдылығы 600 адам болса, оның жылдамдығы 80 км/сағатына болмақ», деп жазды ол.
Ал, City Transportation Systems мәліметіне сүйенсек, Қытайдың Таншань қаласында LRT алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс «CRRC Tangshan Co., Ltd» зауытында орналастырылды.

Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді:
  • Есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;
  • Тоқтау және жылдамдату;
  • Депоға кіру және шығу;
  • Құрамдардың жағдайын бақылау;
  • Пойыздар арасындағы қашықтықты реттеу;
  • Оператордың (машинис) қатысуынсыз басқа функцияларды орындау.
Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады. Сонымен қатар салондарда беріктігі жоғары материалдар, соның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады, бұл жолаушыларға жайлылықты арттырмақ.
«Қазіргі уақытта алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы жылжымалы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайын болады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады», делінген хабарламада.

02 наурыз 2025 ж. 98 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31